
Өңірде өткізілетін жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» сайысы өз мәресіне жетті. Облыстық кезеңде үлгілі отбасы атағы ие болу үшін барлығы 27 команда бақ сынады. Байқау қатысушыларына қойылатын талаптардың ішінде – облыстың қоғамдық өміріне қатысу, сондай-ақ отбасылық құндылықтардың сабақтастығын сақтау болып табылды.
Бұл байқауға 1-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі, азаматтық қорғау сержанты А.К.Касимовтың отбасы да қатысты. Байқау нәтижесі бойынша отбасы қалалық кезеңінің жеңімпазы атанып, дипломмен марапатталды. Байқау соңында барлық қатысушылар "Сосновый бор" демалыс орталығына шақырылды. Онда әр түрлі ойындар ұйымдастырылып, әр қатысушыға бағалы сыйлықтар табыс етілді.