Павлодар облысы ТЖД "Қорғау-2024" республикалық штабтық жаттығуын өткізді

Павлодар облысы ТЖД "Қорғау-2024" республикалық штабтық жаттығуын өткізді

"Бекет-2024" дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша ведомствоаралық оқу - жаттығу шеңберінде ТЖД қызметкерлері "Қорғау-2024"Республикалық штабтық жаттығу өткізді.

Жаттығу аясында ТЖД қызметкерлері, полиция департаменті, жедел медициналық жәрдем станциясы "Каустик" АҚ-мен бірлесіп КӘУЗ ағып кетуіне байланысты апатты жою бойынша жаттығулар өткізді.

Оқу-жаттығу шарт бойынша "Каустик" АҚ бағытында - ЖЭО-3 ауданындағы "Северная" станциясы бағытында хлоры бар цистерна вагонына (50 тонна) механикалық зақым келгені туралы хабар келіп түсті. Нәтижесінде хлор 0,5 тоннаға дейін ағып кетті. Апат орнында зардап шеккен екі қызметкер бар.

Жоспарға сәйкес, ТЖД авариялық-құтқару бөлімшелері арнайы техника мен жабдықтардың көмегімен төгілудің салдарын оқшаулау және жою бойынша практикалық жұмыстар жүргізді.

Жеке құрам тыныс алу органдарын қорғау құралдарында және химиялық агрессивті ортада жұмыс істеуге арналған арнайы костюмдерде су пердесін қойды, ал "Каустик"АҚ қызметкерлері цистернаға бандаж салды, бұл ТЖ жоюға мүмкіндік берді.

Зардап шеккендерді ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы мен жедел жәрдем техникасымен ТЖ орнынан эвакуациялады.

Оқу-жаттығулардың мақсаттарына қол жеткізілді және толық көлемде орындалды.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі