Тұман күтілуде

Тұман күтілуде

Казгидромет филиалының ақпараты бойынша 2023 жылдың  20 қараша кешкі сағат 21.00 - ден  21 қарашасының таңғы сағат  9.00 – ге дейін  Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысынды тұман күтіледі.

Тұман кезінде автокөлік жүргізушілеріне өте сақ болу керек, себебі жол-көлік апатына ұшырау қаупі артады. Мүмкін болса, сапарды кейінге қалдырып, ауа-райының жақсаруын күткен дұрыс. Егер жолға шығу өте қажет болған жағдайдағы қауіпсіз жағдай ол - автокөлік жүргізушілердің жүру жылдамдығын төмендету, қашықтықты арттыру, басып озбау, кенеттен маневр және тежеу жасамау маңызды екенін есте ұстаған жөн.

Тұман кезінде автокөлік әйнектерін біраз түсірген дұрыс. Сол кезде жолдан қажетті дыбыстарды есту мүмкіндігі артады.

Егер Сіз тоқтайтын болсаңыз, онда автокөлікті барынша оң жаққа қойыңыз және габариттік оттарды қосулы күйінде қалдырыңыз, сондай-ақ авариялық жарық дабылдарын пайдаланыңыз.

Сонымен қатар, қатты тұман күтілу туралы дауылды ескерту алсаңыз, балық аулауға барудан бас тартыңыз. Егер Сіз табиғатта тұманның қоюланғанын байқасаңыз, орманда немесе су айдынында бағдарыңызды жоғалтпауға тырысыңыз.

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары, оқыс оқиғадан сақ болу өз қолыңызда екенін ұмытпаңыздар!

Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы