
Шығыс Қазақстан облысында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының Кубогы өтуде. Аталған чемпионатқа Павлодар облысы ТЖД "Өрт сөндіру қызметі және АҚЖ" ММ Өрт сөндіру бөлімдерінің техникалық қамтамасыз ету бөлімінің технигі Дамил Мұратұлы Сутжанов қатысып, 60 метр қашықтықта 1 орын алды. Оның нәтижесі-6.98 секунд.
2022 жылғы 21-26 ақпан аралығында Өскемен қаласында ерлер арасында XXX қысқы ҚР чемпионаты, әйелдер арасында VIII қысқы ҚР чемпионаты, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасында VII қысқы ҚР чемпионаты өткізіледі. Павлодар облысы құрама командасының құрамына: 9-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты В.В. Макеев, 7-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты С.Ю. Борт, 1-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты А.М. Кенжебаев, 5-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Д.Т. Шакарманов, № 4 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Ж.К. Дашкенов, ӨСБ өрт сөндіру технигі А.Т. Макенов, ӨБ технигі Сутжанов Д.М., ӨБ технигі Долголевец А.И., Павлодар қ. ЖҚЖ құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Т.В. Еремеевская, Павлодар қ. ЖҚЖ құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Ю.А. Сутжанова. Ерлер құрама командасының құрамы 9 адамды құрайды, әйелдер құрама командасының құрамы 5 адамды құрайды.
Ерлер арасындағы XXX қысқы ҚР чемпионатына, әйелдер арасындағы VIII қысқы ҚР чемпионатына сапарға шығуға байланысты құрама команда спортшыларының Павлодар облысының ТЖД бастығы генерал-майор Жұмашев Жасұланмен кездесуі ұйымдастырылды. Аумақтық органның басшысы өз сөзінде жарыстың барлық кезеңдерінде жеңіс тіледі. Өйткені, біздің өрт сөндірушілер оларға теңеліп, қызметте бірдей нәтижелерге ұмтылады.
Дәуітбеков Шыңғыс-Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының бастығы