
2022 жылғы 6 ақпанда 18 сағат 45 минутта арнайы «101» желісіне Павлодар қаласы, Сейфуллин көшесі 9 мекенжайы бойынша қамысты жеке тұрғын үйде төбенің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдарынан 7 қызметкері және 2 бірлік техника, АМО, «103», «102» қызметтері дереу жіберілді.
Өрт сөндірушілер шақырту орнына келгеннен кейін екі пәтерлі, каркасты қамысты жеке тұрғын үйде жалпы ауданы 60 ш.м. болатын ағаш конструкциясы жанып, іргелес салынған уақытша үйге оттың көшкенін анықтады.
Өрт орнынан 1980 ж. т. азамат 2-3 дәрежелі 70 % термиялық күйікпен № 1 Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды, сондай-ақ 1980 ж. т. азаматша ауруханаға жатқызудан бас тартты.
Материалдық шығын анықталуда, өрттің себебі халықтың отты абайсыз қолдануынан болды.
Аталған мекен-жайда 2021 жылдың 23 қазанында ТЖ басқармасының қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық өткізілді.
Павлодар облысының ТЖД барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырады.
Павлодар қ. ТЖ басқармасы