Өрт қауіпті кезеңге дайындық

Өрт қауіпті кезеңге дайындық

Өрт қауіпті кезеңге дайындық шеңберінде Павлодар қаласының ТЖ басқармасы Павлодар ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесімен бірлесіп Павлодар орманшылығының 16 квартал орман алқабы бойында өсіп тұрған қамысты шабу бойынша жұмысын жүргізуде.

Көктемгі кезеңде құрғақ қамыс өртену, сондай-ақ өрттің орман және саяжай алқаптарына таралу қаупін төндіреді. Бұл алдын алу жұмысы өрт қауіпті кезеңде өрттің туындауын болдырмауға бағытталған. Аталған іс-шараға орман шаруашылығынан 12 және Павлодар облысы ТЖД-нің 7 адам жұмылдырылды.

 Павлодар қаласы ТЖ басқармасы тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады, сондай-ақ 2022 жылдың сәуір айынан бастап өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауды анықтау мақсатында бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізілетінін еске салады. Кінәлі тұлғаларға әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылатын болады.

Павлодар қ. ТЖ басқармасы