
Өрт туралы хабарлама 2021 жылғы 16 қыркүйекте сағат 17-43-те Павлодар қаласының «Мелиоратор» бағбандығынан келіп түсті. № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері өрт орнына келгеннен кейін, жеке үй иелігінің аумағында 60 шаршы метр алаңда жеке тұрған, тұрғын, газоблоктық үй толығымен жанып кеткенін анықтады.
Өртті сөндіру және барлау кезінде № 4 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты Асхат Абылханов, № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Алмас Карпбаев және № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты Әлішер Кәкенов 2 газ баллонын тапты. Жауынгерлер дереу қауіпсіз қашықтыққа 27 литрден 2 газ баллонын шығарды.
қуанышқа орай, қаза болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Өрт сағат 18-59-да сөндірілді. Себебі мен шығыны анықталуда.
Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 27 адам және 8 техника жұмыс істеді.
Павлодар облысы ТЖ департаменті барлық азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Павлодар облысы ТЖД