
Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Оразбек Тоқболатұлы Уәлиханов "Ирбис" телеарнасының "Айтарым бар" бағдарламасына қатысты.
Уәлиханов Оразбек тікелей эфир көрермендері үшін 2021 жылдың басынан бергі өрт статистикасын жариялады.
Ағымдағы жылдың басынан бері өңірде 213 өрт болды, материалдық шығын 27 млн.теңгеден асты, 7 адам қаза тапты, 6 адам жарақат алды. Улы газбен уланудан адамдардың қаза болу фактілері тіркелген жоқ, улы газдан 6 адам жарақат алды.
Өрт саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға төмендеді, өрттен келтірілген шығыны 2,8%-ға төмендеді, қаза болғандар саны 30%-ға төмендеді, жарақат алғандар саны 20%-ға өсті, бірақ улы газдан жарақат алғандар саны 25%-ға төмендеді.
Ағымдағы жылдың өрт қауіпті маусымы басталғаннан бері Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры аумағында 14 орман өрті болды, жалпы ауданы 675 га құрады, материалдық шығыны 3 млн.732 мың теңгені құрады.
Табиғи өрттерде адамдардың қаза болуы мен жарақаттану жағдайлары тіркелген жоқ.
Одан әрі спикер өрт қауіпті кезеңде жүргізіліп жатқан кешенді алдын алу іс-шаралары туралы айтып берді.
Рұқсат етілмеген жағу, халықтың отты абайсыз пайдалануына жол бермеу мақсатында Павлодар облысының аумағында 146 адамнан тұратын 30 мобильді топ құрылды. Аталған мобильдік топтар күн сайын елді мекендерде, орман алқаптары мен жайылма аумақтарында халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып және санкцияланбаған жағуды анықтай отырып, рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, тұрғын үй секторы аумағында және одан тыс жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 84 рейдтік іс-шара өткізді. Рейдтер, өрт қауіпсіздігі шаралары барысында 5 мың 27 адам оқытылды.
Тікелей эфир соңында спикер облысымыздың барлық азаматтарын өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырды.
Павлодар облысы ТЖД