Бос лауазымдарды жинақтау бойынша жұмыс

Бос лауазымдарды жинақтау бойынша жұмыс

Департаменттің кадр жұмысы басқармасы жұмысының маңызды бағыттарының бірі қызметке үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру болып табылады. Кандидаттарды іріктеу сапасына жалпы Департамент бөлімшелерінің жедел-қызметтік іс-әрекетінің жай-күйі байланысты. Кадрларды іріктеуді ұйымдастыру кадрлармен жұмыс жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне өте үлкен және ауқымды міндеттер жүктелген. Бүгінгі таңда құтқарушыларға қойылатын жоғары талаптар, олардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, қажетті моральдық және әлеуметтік-психологиялық қасиеттерді дамыту кадрларды тарту, орналастыру және іріктеу проблемаларын ерекше өткір қойып отыр.

Департаментте және оның ведомстволық бағынысты бөлімшелерінде кадрлық құрамның толық емес жиынтығына байланысты, Департаменттің Кадр саясаты басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Р.В. Әлішевтің қатысуымен "Zoom" қосымшасы арқылы Инновациялық Еуразия институтының студенттерімен онлайн бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Департаменттің Кадр саясаты басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Р.В. Әлішев Департаменттің қызметтік жұмысы мен жұмыс бағыты, сондай-ақ бос лауазымдар туралы баяндама жасады. Бұдан кейін ол құқық қорғау қызметіне түсу шарттары мен ҚР ТЖМ КТИ ведомстволық оқу орнында жоғары техникалық білім базасында арттыру курстарынан өту мүмкіндігін түсіндірді.

ТЖД КСБ Р.В. Әлішев