
Жылыту кезеңінің басталуымен ТЖ департаментінің барлық бөлімшелерінің қызметкерлері көп жағдайда пешпен жылытуды пайдаланатын жеке сектор иелері арасында алдын алу жұмыстарын күшейтті. Осы кезеңде жылыту жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты жазатайым оқиғалардың саны артып келеді, бұл өрттер мен улы газбен улануға әкеледі.
Екібастұз қаласының ауылдық аймағында өткен демалыс күндері Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері ауылдық округ әкімдігі өкілдерінің қатысуымен Қоянды ауылында көп балалы отбасылар тұратын бес үйде және жалғыз басты аналардың төрт үйінде улы газ датчиктерін орнатты.
Успен ауданы. Өткен жылыту маусымында халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне 10 улы газ датчигі орнатылды. Биыл улы газ датчиктерін сатып алу және орнату жұмыстары жалғасуда. Жылу беру маусымы басталғаннан бері Успен ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері көп балалы және аз қамтылған отбасылар тұратын жеке секторда 11 аспап орнатты. Осы жылыту кезеңінде барлығы 40-қа жуық улы газ датчиктерін орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, тұрғын үй секторын аралау барысында 7 үйдің түтін мұржалары тазаланды.
Іс-шара соңында жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.