Қысты қарсы алуға дайын

Қысты қарсы алуға дайын

Облыс орталығында қысқы кезеңге дайындық аясында арнайы техниканың жағдайы тексерілді. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің он алты бірлік құтқару техникасы және қала көшелерін қардан және мұздан тазартатын 160 бірлік коммуналдық мердігерлік ұйымдардың техникасының жағдайымен танысты.

ТЖ департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов аймақ басшысына  алдағы қысқы кезеңде төтенше жағдайларға дайындық бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтып берді. Ол өткен қыста орын алған қарлы борандар мен дауылдар шұғыл әрекет ету күштері мен құралдарының беріктігі сыналғанын атап өтті.

-Алдағы қысқа қарай бізде резервтік қуат көздері дайындалып, жанар- жағармай материалдарының жеткілікті қорын жинақтадық, - деп атап өтті Ернұр Өтегенов. - Бүгінгі таңда біз 47 бірлік көлемінде өтімділігі жоғары техникаға ревизия жүргіздік.

Облыстық ТЖД-де бір бульдозер, бір ауыр жүк көлігі, үш ТРЭКОЛ, отыз екі өрт сөндіру автоцистернасы және бір қар көлігі бар. Сондай-ақ, ызметкерлерді тасымалдауға арналған бір автомобиль екі тіркеме, он шатыр, эвакуациялау пункттерін жайластыруға арналған жүз жиырма кереует және жатын қапшықтар және эвакуация бекеттерін жылытуға арналған үш жылыту құралы бар.

Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов техниканы дайындау бойынша ғана емес, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты құлақтандыру жұмыстарын да бақылауға алуды тапсырды.

Ернұр Өтегенов облыс әкіміне ауа райының нашарлауы туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалынан дауылды ескертулер алған кезде Департаменттің бірыңғай диспетчерлік қызметі бірінші кезекте автовокзалдардың диспетчерлік қызметтерін хабардар етіп, СМС-хабарлама жіберу арқылы ұялы байланыс операторларының көмегімен және «Дәрмен» мобильді қосымшасында ақпарат орналастыру арқылы обылс тұрғындарын  хабардар етеді№ Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік органдарға, аумақтық, құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерге электрондық пошта арқылы хабарламалар жібереді, Павлодар облысы ТЖД сайтындағы «Шұғыл ақпарат» айдарында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында дауылды ескерту жарияланады.

Ернұр Өтегенов төтенше жағдайларда азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері қысқы кезеңде мүдделі ұйымдармен және кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әрекет ететінін атап өтті. Олардың қатарында «Қазақавтожол» ЖШС облыстық филиалының, «Қазгидромет» РМК обылстық филиалы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, жергілікті полиция қызметі басқармасының жедел кезекшісі бар. Келесі айда жоғарыда аталған органдар мен азаматтық халықты тасымалдаумен айналысатын ұйымдардың өкілдерін қоса отырып, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою жөніндегі жедел штаб құрылады. Жедел штабқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №5512 әскери бөлімінің өкілдері де кіреді.

Ауа райы жағдайы нашарлаған жағдайда ТЖ Департаменті қар көшкіні кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету, сондай-ақ адамдарды эвакуациялау үшін өтімділігі жоғары техниканы аудандық бөлімшелерге көшіруді жүзеге асыратын болады.