Темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдалану өрттің пайда болуының кең тараған себебі болып табылады. Бықсып жану темекі тұрмыстық заттарға тиген кезде пайда болады. Бұл жағдайда пайда болған түтін өрт анықталғанға дейін тұншығуды тудыруы мүмкін.
Ағымдағы жылдың он айында Павлодар қаласының аумағында мас күйінде темекі шегу кезінде абайсыздық себебінен 114 өрт болды. Осы өрттерге сәйкес материалдық шығын 9 млн.102 мың теңгені құрады.
Мәселен, ағымдағы жылдың 14 қарашасында Павлодар қаласында Камзина 12 көш., бөлмедегі 1 бөлмелі пәтерде 5 шаршы метр аумақта үй заттары, жиһаз жанған. Өрт салдарынан 1971 жылы туған әйел зардап шекті. "Орташа дәрежедегі жану өнімдерімен жедел ингаляциялық улану, алкогольдік мас болу" диагнозымен 3 қалалық аурухананың интенсивті бөлімшесіне жатқызылды.
Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындарына өздерін және жақындарын осындай жағдайлардан қалай құтқару керектігін ескертеді:
- шаршаған күйде немесе алкогольдік масаң күйде темекі шекпеңіз;
- ешқашан сөндірілмеген темекіні қалдырмаңыз, оны тек күлсалғышта сөндіріңіз, және ешбір жағдайда сіріңке мен темекі тұқылын еденге лақтырмаңыз;
- ешқашан темекіні сөндіргеннен кейін бірден күлді күлсалғыштан қоқыс жәшігіне тастамаңыз;
- төсекте темекі шегу өте қауіпті:солай сіз ұйықтап кетіп, қолыңыздағы сөндірілмеген темекінің түсіп кетіп, өртенуге әкелуі әбден мүмкін.
Есіңізде болсын: Өрт өздігінен пайда болмайды. Әдетте, оның себебі - адамдардың немқұрайлылығы және отты ұстаудағы ұқыпсыздық. Төсек-орынға, ағаш еденге немесе басқа да жанғыш заттарға құлап кетуі мүмкін бір сөндірілмеген темекінің арқасында сіз барлық мүліктеріңізді ғана емес, өміріңізді де жоғалтуыңыз мүмкін.
А. Лысикова
Павлодар қ. ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау майоры