Өрт пайда болған уақытта үрейге бой алдырмаңыз, тыныштық сақтаңыз. Әр минут қымбат.
Өрт пайда болған уақытта:
2 Өрт сөндіру үшін қолдағы бар барлық шараларды қолдану (суланған ақ жаймалар, көрпелер, жамылғылар, өрт сөндіргіш құралдары).
3 Егер өрт электр құралдары немесе сымдардың кесірінен пайда болса, электр қуатын ажырату қажет. Жанып тұрған құралды сумен өшірмеңіз, құралды көрпемен жабу қажет. Теледидарға жақындамаңыз, теледидардың жарылу қаупі жоғары.
4 Егер тамақ дайындайтын плитадан ас-үй құралдары, перделер немесе орамалдар жанса, қолды су орамалмен орап өртті маталармен сөңдіріңіз. Ас-үйдегі шағын өртті тұз, жуу ұнтағы, жармалармен жоюға болады.
5 Тез арада үйден шығыңыз. Егер үйден шығу мүмкіндігі болмаса, есік пен терезелерді су матамен тығыз бекітіңіз, бұл улы түтіннің бөлмеге кірмеуіне жағдай жасайды.
6 Егер кіру есігіне жол от пен түтін кесірінен жабық болса, балкон арқылы қорғаныңыз. Балкон есігін міндетті түрде жабыңыз.
7 Егер үйіңізде балкон болмаса, терезе алдында көмек күткен қауіпсіз болып келеді. Бөлмеге кіретін есікті матамен немесе жиһазбен тығыз етіп жабыңыз. Сіздің көмек шақырғаныңызға сенімді болған жағдайда, түтіні мен ыстығы аз еденнің бөлігіне жатыңыз. Солай сіз жарты сағат өзіңізді ұстай аласыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:
А.Лысикова
Павлодар қ. ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау майоры