От жұмыстары-жөндеу жұмыстарын жүргізу тәртібі екені белгілі. Қазір барлық жерде шатыр, уақытша дәнекерлеу және ашық отты қолданумен байланысты отпен жүргізілетін басқа да жұмыстар жүргізілуде. Бірақ жауапты тұлғалар қауіпсіздік шаралары туралы жиі ұмытады, бұл қолданыстағы және қайта жаңғыртылып жатқан нысандардағы өрттерге алып келеді.
Павлодар қ. ТЖБ, жөндеу жүргізетін мекемелердің басшыларының естеріне салады:
- дәнекерлеу, шатыр жабу және басқа да от жұмыстарын жүргізуге жазбаша рұқсат ресімделіп, өртке қарсы қызметпен жұмыс келісілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі;
- дәнекерлеу, битум қайнату және басқа да от жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқудан өткен және сынақ тапсырған адамдар жіберіледі;
- от жұмыстарын жүргізу орны алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс;
- будың (газдың) өрт қауіпті қосындысы болмаған кезде от жұмыстарын бастауға рұқсат етіледі;
- от жұмыстары басталар алдында өрт қауіпсіздігінің барлық қажетті шаралары қабылдануы тиіс.
Есіңізде болсын! От жұмыстарын жазбаша рұқсатты ресімдемей және өртке қарсы қызметпен келіспей жүргізу айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғады.
Павлодар қаласының
Төтенше жағдайлар басқармасы