Балалардың отпен ойнауынан туындайтын өрттер, өкінішке орай, сирек кездесіп тұрады. Балалар оның ықтимал қауіптілігін толық түсінбей, отқа деген қызығушылықты арттырады. Бала үйде жалғыз қалғанда сіріңкемен ойнап қағаз жақпайтынына, немесе тұрмыстық техниканың жұмыс істеуіне қызығушылық танытпайтынына сенім артуға болмайды.
Отты абайлап қолдану дағдысын балалардың кішкентай кезінен бастап тәрбиелеу қажет: сіріңке – ойыншық емес, ал от-бұл қызық емес. Балаларда өрт адамдарға өте ауыр апат әкелетіні туралы ой қалыптастыру қажет
Балалардың отпен ойнауынан өртті болдырмау үшін келесі іс-шараларды орындау қажет:
- үйден шыққанда кішкентай жастағы балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз;
- сіріңкелерді балаларға қолжетімді жерде қалдырмаңыз;
- балаларға пештерді, газ плиталарын жағуды, тұрмыстық электр аспаптарын өз бетінше қосуды тапсырмаңыз;
- балалардың от жақпауын қадағалаңыз;
- балаларға өрт қауіпсіздігі туралы айтыңыз;
- балаға бос уақыттарын қызықты өткізуді ұйымдастырыңыз;
- өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға байланысты барлық жағдайларда үлгі болыңыз.
Өрт шыққан жағдайда "101", "112" телефон нөмірлері бойынша қоңырау шалыңыз.
А. Лысикова
Павлодар қ. ТЖ басқармасының аға инженері
азаматтық қорғау майоры