Меню

Страницы

Статья

Автокөлікті оттан сақта

Автокөліктің отқа орануының негізгі себептері электр сымдарының қысқа тұйықталуы, салон ішінде шылым шегу кезіндегі абайсыздық, отынның, майдың ағуы және қызып тұрған қозғалтқыштың үстіне түсуі, қозғалтқышты жылыту үшін ашық отты пайдалану, электргазымен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде отты абайсыз қолдану болып табылады.

         Осыған байланысты, Екібастұз қаласы ТЖ басқармасында автокөлік иелерімен үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Автокөлікке қызығушылық танытатын жандарға 2020 жылы 9 ай ішінде болған өрттер туралы, олардың ережелері мен өрт қауіпсіздігі туралы мәліметтер жеткізілді.

         Өкінішке орай, көбісі өз автокөліктерінің өрт қауіпсіздігі туралы ойланбайды. Өрттен кейін автокөлікті жөндеу өзін жиі ақтамайды, ең дұрысы  жаңадан сатып алу. Сондықтан автокөлік салонында өртсөндіргіш, дәрі қорапшасы болғаны абзал.

         Өртті болдырмау үшін келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.

-автокөліктің тораптары мен механизмдерін жарамды күйде ұстаңыз;

-аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында, сондай-ақ үй-жайларда зарядтауға;

-гараждың ішін ашық отпен, сондай-ақ қолдан жасалған электр жылыту аспаптарымен жарықтандыру және жылытуға;

-гараж ішінде үй тұрмысындағы жанғыш материалдардан жасалған заттарды, сонымен қатар басқа жанғыш заттарды сақтауға жол бермеңіз;

-гараж ішінде шылым шегу тыйым салынады.

 

 

 

Екібастұз қаласының

ТЖБ азаматтық қорғау капитаны

Жомарт Майманов

Дата публикации
21 сентября 2020
Дата обновления
21 сентября 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
11 сентября 2023
Көп қабатты тұрғын үйдегі шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
31 января 2023
Ірі қара малдың құтыруы ауруы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы