Жыл басынан бері Екібастұз қаласының аумағында пеште бақылаусыз дайындалған тағамның 5 фактісі тіркелді.
Аталған жағдай ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік айыппұл салу қарастырылған.
Тамақ пісіру әр адам өміріндегі күнделікті іс-әрекеттердің бірі болып табылады. Осындай күнделікті іс-әрекет өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағаннан төтенше жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін.
Пештегі тағамның күю себебі адамдардың қадағаламау себебінен пайда болады. Сонымен қатар, ішімдіктің салдарынан да өрт шығу жағдайы туындайды. Кастрөлді немесе табаны пештің үстіне қойып ұмытып кететін жағдайлар кездесіп жатады: оған бірден-бір себеп; яғни шаршағаннан ұйықтап қалуы немесе мас күйінде болуы, тіпті үйден де шығып кетуі мүмкін. Кейбіреулері пештегі тағамды қосылулы күйінде қалдырып, осы уақыт аралығында ештеңе бола қоймас деген үмітпен азық-түлік дүкеніне шығып кететіндер де бар.
Тағамның асты күйген жағдайда ерекше бір иіс пайда болады. Пәтер ішінде басқа жаққа таралмайтын түтін пайда болады. Қызған ыдыстың айналасында температура көтеріледі. Тағам немесе табадағы май күюі мүмкін. Жоғары температураның салдарынан тез жанатын материалдардың
салдарынан өрттің лапылдап жануына әкеп соқтырады. Пластмассадан жасалған заттар яғни кастрөлдің құлағы, тақтайлар еріп бастайды. Пластмасса улы заттар бөледі.
Осындай жағдайлардың орын алмауы үшін қосулы тұрған пешті қараусыз қалдырмау керек. Егер сіз шаршаған болсаңыз, демалып барып, тағам дайындауға кірісіңіз. Пештің қасында тез жанатын заттардың болмауын мұқият қадағалау керек. Ас үйде өртке қарсы мата немесе өрт сөндіргіш болуы пайдалы, ол жанып жатқан майды сөндіруге жарамды.