Меню

Страницы

Статья

Күшті жел кезіндегі қауіпсіздіктің шаралары

Қара дауыл — ең көп таралған табиғи апаттардың бір түрі, соның ішінде Екібастұз аумағында болуы мүмкін желдің жылдамдығы,                        ол - 25 м/с асатын және- 30 м/с және одан жоғары.

Қаланың көше бойларындағы тіректердегі транспаранттар, жарнама қалқандары (14-17 м/сек) жел кезінде аударылуы мүмкін.

         Ал жылдамдығы 24,4 м/сек дейін соғатын қара дауылда  электркөлігінің байланыс желісінің және электр беру желілерінің үзілуі, талай жылдан бері өсіп тұрған ағаштардың сынуы мүмкін. Электр сымдарының ұшқындауынан жеке тұрғын секторында өрт ошақтары пайда болуы мүмкін.

Жылдамдығы 28,4 м/сек қатты дауылдарда   кейбір құрылыстар қирайды, соның ішінде терезелер сынып, үй шатыры бұзылуы мүмкін. Сынған ағаштар үйінділері, құрылыс құрылғыларының құлау салдарынан жолдар және автомагистральдар жабылады.

Жылдамдығы 32,6 м/сек және одан астам қатты соққан жел кезінде  күрделі құрылыстар, электр көлігінің байланыс желілерінің, коммуналдық-энергетикалық желілер электр желілерінің, автокөліктердің бұзылуыларына әкеп соғады.

Қатты дауыл соққан кезде келесі шаралар орындалуы керек:

- қорда азық-түлік және ауыз су, электр желілері істен шығуы мүмкін болғандықтан май шам, қол шамдардың (фонарь) сақтаған жөн;

- қатты жел кезінде ұшып немесе құлап кетпес үшін балкондар мен лоджиялардағы жеңіл, көлемді заттарды жақсылап жіппен байлап немесе басқада материалдармен бекіткен дұрыс;

- күнделікті қолданыстағы автокөліктерді көп жылдар бойы өсіп тұрған ағаштардан, құлағалы тұрған құрылыстардан алыс қою керек;

- терезе жақтауының беріктігін тексеріп жүріңіз;

- үйден шыққан кезде электр қуатыннан ажырату қажет.

Қатты желде жарақат алмас үшін және мертікпеу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

  • желдің жылдамдығы күшейген кезде ғимараттардан шығуды шектеген жөн. Жасөспірім балаларды ерекше бақылауға алып, қараусыз қалдырмау;

     -   егер аяқ астынан қатты жел басталып кетсе жер асты өткелдерінде немесе ғимараттардың кіреберістерін паналаңыз;

     - үйлердін қабырғаларына қоғамдық көлік аялдамаларында, жарнамалық қалқандарға, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда, көпжылдар бойы өсіп тұрған ағаштарда тығылу өте  қауіпті, өйткені шатырдан шифер немесе басқада төбедегі жабын материалдардар құлауы мүмкін;

      - елді мекеннен жырақта автокөлікпен сапарға шыққан кезде аталмыш оқиғаға тап болсаңыз жол жырағына, шұңқырларға жасырынған дұрыс егер ондай ештеңе болмаса онда жерге етпетінен жату керек;

     - автобуста, трамвайда келе жатсаңыз дереу шығып жақын жер асты өту жолына немесе жертөлелерде тығылу керек.

Арнайы қызметтерді шұғыл түрде шақыру үшін келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз:

1

Құтқару қызметі

112

2

Өрт қызметі

101

3

Полиция

102

4

Жедел көмек

103

 

М. Хамитова

Екібастұз қаласы

ТЖ басқармасы зілзалалардың

қауіп-қатерін азайту және азаматтық

қорғау саласындағы бақылау 

тобының бас маманы

Дата публикации
29 июля 2020
Дата обновления
29 июля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
11 сентября 2023
Көп қабатты тұрғын үйдегі шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
31 января 2023
Ірі қара малдың құтыруы ауруы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы