Ақсу өңірінде жылыту маусымында өрттер туындау қаупін азайту мақсатында, жылыту маусымына дайындық ретінде профилактикалық іс шаралар өткізіліп жатыр.
2020 жылғы 2 тамызда өрт қауіпсіздігі айлығы шеңберінде Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, №12 өрт сөндіру бекеті, «Vita» ҚҚ еріктілері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Алғабас және Қызылжар ауылдық округтерінде тұрғын үй секторында профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
Осы іс-шаралар барысында тұрғындарға жылыту маусымында пешпен жылыту және электр жабдықтарын пайдаланып жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлығы акциясы аясында халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын жерлерде пеш алдындағы қаңылтыр беттер орнатылды.
Ақсу қ. ТЖБ-ің аға инженері
Кошеншереков Мейрам