Суға түсу маусымының басынан бері Павлодар облысында 7 адам суға кетті, оның ішінде 1 жасөспірім бала бар. Ағымдағы жылдың 13-ші маусым күні Усолка өзенінде 2002 ж.т. жасөспірім суға шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кетті. Ол ата-анасының бақылауынсыз болған.
11-ші маусым күні Усолка өзеніндегі жаяу жүргіншілер көпірі ауданында суға шомылуға жабдықталмаған жерде 1964 жылы туған ер адам суға батып кетті. 15ші шілде күні Ақсу қаласында суға түсу кезінде жабдықталмаған жерде суға кеткен 25 жасар жас жігіт суға батып кетті.
Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері жүргізетін алдын алу және үгіт-насихат іс-шараларына қарамастан, адамдар қауіпсіздік ережелерін ескермей өз өмірлерін қауіпке тігіп отыр. Адамдардың суда қаза болуының негізгі себептері құтқарушылармен бақыланбайтын жерлерде және жабдықталмаған су айдындарында шомылу, алкогольдік ішімдіктер ішу, дауылды күндері шағын кемелерде жеке құтқару құралдарынсыз балық аулау, жағажайларда балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу болып табылады.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Павлодар облысы ТЖ департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Демалыс орындарында су айдынында болған кезде:
- суға алкогольдік және есірткілік мас күйінде кіруге және шомылуға;;
- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
- жүзу шекарасын белгілейтін қалтқылардың сыртында жүзуге;
-суқоймаларын ластауға;
- жалған дабыл беруге;
- техникалық және ескерту белгілеріне,қалтқыларға көтерілуге;
- балалардың ата-аналарының қарауынсыз шомылуына;
- түнгі уақытта шомылуға жол берілмейді
Павлодар облысы
Төтенше жағдай департаментінің
Азаматтық қорғаныс басқармасы