Жаз маусымында әсіресе орман өрттері ерекше алаңдатады. Табиғи өрттердің шығуының 90 пайызына адамдар кінәлі болып табылады.
Сөндірілмеген от, лақтырып тасталған темекі тұқылы, көлік құралының ұшқын өшіргіші, орман алқабында қалдырылған шыны ыдыс, оқтың бықсыған мақтасы, бақылаусыз өртеу – осы және басқа да себептер өрттің шығуына жиі әкеп соғады.
Шығуы ықтимал өрттің алдын алу үшін келесі ережелерді білу және сақтау қажет:
- қылқан жапырақты жас ағаштың ішінде, қураған шөбі бар аумақта, орманның жел, дауыл құлатқан, кесілген ағаштары аршылмаған орындарында, қатты жел тұрғанда, ағаш иінінен салбырап тұрған бұтақтары астында от жақпау керек;
- от жағатын орынды кеуіп қалған шөп, жапырақ, бұтақ пен басқа қоқыстан тазалау керек, әрі отты байқаусыз қалдыруға болмайды. От қажет болмаса су құю немесе топырақ шашу арқылы сөндіріледі;
- демалыс орнынан отты 100 пайыз сөндірмей, оның өрт шығу қаупі жоқтығына көз жеткізбей кетпеңіздер;
- жанып тұрған сіреңке мен темекі тұқылын жерге тастамаңыздар, темекі шекпеңіздер және тез тұтанғыш сұйықтар мен материалдардың жанында от жақпаңыздар;
- ормандағы өртті көзіңіз шалса, шұғыл түрде «101», «112» телефоны арқылы өртке қарсы қызметке немесе қала/селолық округ әкімдігіне, орман шаруашылығына хабар беріңіз.
Есіңізде болсын, Сіздің әрекетіңіз тек өрттің алдын алу бойынша табиғатты сақтауға ғана емес, адамдардың қауіпсіздігі, олардың денсаулығы мен өмірін қорғап қаласыз!
Павлодар қаласының Төтенше жағдай басқармасы