20 шілде судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін су айдындарында рейд жүргізілді. Профилактикалық іс-шараға Аксу қаласының ТЖ бөлімі мен жергілікті полиция қызметкерлері қатысты.
Демалушылармен судағы қауіпсіздік шаралары туралы әңгіме өткізіліп, жадынамалар таратылды. Ал тыйым салынған жерлерде шомылғандарға ескерту мен айыппұл салынды.
Суға шомылу маусымы басталғаннан бері ТЖ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті полициямен бірлесіп 131 рейд және 1226 патрульдеу жүргізді.
Биыл, жыл басынан бері 2 адам суға кетіп бақилық болды.
Адамдардың суда қаза болуының негізгі себептері жабдықталмаған жерлерде шомылу, спирттік ішімдіктерді ішу, жеке құтқару құралдарынсыз жүзу, балаларды су жағасында қараусыз қалдыру болып табылады.
Ақсу қаласының ТЖБ су айдынында, демалу орындарында болғанда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Жол берілмейді:
- мас күйінде және есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;
- қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;
- жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;
- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
- су айдындарын ластауға және қоқсытуға;
- жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;
- жалған дабыл беріп айғайлауға;
- техникалық және алдын алу белгілерінің, қалтқы белгілерінің үстіне шығуға;
- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге рұқсат етілмейді.
Ақсу қаласының ТЖ бөлімінің
аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты Көшенширеков Мейрам