Ауа райының ыстық болуына байланысты қала мен ауыл тұрғындарының көпшілігі демалыс күндерін суға жақын жерде өткізеді. Таза ауа, күннің көзі, суға шомылу тек қана қуаныш әкелмей, сонымен қатар ағзаны да шынықтырады. Алайда су адам баласының өмірін де әкетіп жататынын ұмытпау керек. Бұл көбінесе алкогольді күйде суға түскенде болып жатады.
Қазіргі уақытта өңірімізде күн жылынып, шомылу маусымы басталғанымен, карантиндік режимге байланысты суға шомылу маусымы кейінге шегерілгенің Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар қызметкерлері күнделікті халыққа хабарлап, алдын алу іс шараларын жүргізуде. Бірақта ауданымыздың тұрғындары суға шомылуға тыйым салынғанына қарамастан, су айдындарына жиі шығып, әсіресе тыйым салынған жерлерде шомылуда. Соның салдарынан ауданымызда суға кету жағдайы жиіленіп кетті.
Ағымдағы жылдың 9 маусымында Ақсу қаласының тұрғыны 1999 жылы туған азаматша шомылуға арналмаған және жабдықталмаған жерден суға кетіп қалса, көп ұзамай 15 маусымда 1990 жылы туылған азамат та тыйым салынған жерден суға кетіп отыр.
Ашық су айдындар адам өміріне өте қауіпті, сол себептен суға түсу, жүзу кезінде сақтық шараларын ұстану қажет. Таныс емес жерден суға секіру, сүңгу өте қауіпті – судың түбіне, ағашқа, бағанға және т.б қатты заттарға басыңмен соғылып, мойын омыртқаңды сындырып алып, естен танып, өліп кетуіңіз мүмкін.
Жақсы жүзе білу – судағы қауіпсіз демалыстардың бірі болып табылады, естеріңізде болсын, тіпті жақсы жүзе білетін адамның өзі судағы қауіпсіздік шараларын, тәртібін, сақтық шараларын қатаң ұстанулары керек. Суға түспес бұрын демалып алу қажет. Қатты қыздырынып, суға түсуге болмайды. Жағадан алыс ұзап кетпеңіз, арнайы белгілерден аспаңыз. Арнайы жабдықталған жерлерде ғана суға түсуге болады. Таныс емес жерлерде суға түспес бұрын су түбін бақылаңыз. Суға абайлап түсіп, ақырындап су беліңізге дейін жеткен кезде, бірден суға суңгіңіз. Күшіңізге сенбейтін болсаңыз, ешқашан жалғыз жүзбеңіз. Төтенше жағдай туралы жалған белгілер бермеңіз.
Суы таяз жерлерде ойнап жүрген балаларды көзден таса қылмаңыз, кез келген уақытта суға шашалып немесе құлап қалулары мүмкін. Су ішінде қармап алуға байланысты ойындар ұйымдастырмаңыз, серіктесіңіз ауаның орнына суды жұтып алып, қақалып, есінен танып қалуы мүмкін. Балалар жүзуге үлкендердің бақылауымен ғана үйренулері тиіс.
Естеріңізде болсын: мас күйде суға түсудің соңы қайғылы оқиғаға әкеп соғады.