Меню

Страницы

Статья

Демалушылардың қауіпсіздігі мақсатындағы ескерту

Жақсы жүзе білу - судағы қауіпсіз демалудың маңызды кепілдерінің бірі, бірақ жақсы жүзетін адамның өзі үнемі судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Шомылу алдында демалу керек. Суға қызған күйде кіруге болмайды. Жағадан алыс жүзбеңіз, ескерту белгілерінен тыс жүзбеңіз. Арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда шомылыңыз. Таныс емес жерлерде суға түсер алдында түбін тексеріңіз. Суда абайлаңыз, су белге жеткенде, тоқтаңыз және тез сүңгіңіз. Ешқашан жалғыз жүзбеңіз, әсіресе өз күшіңізге сенімді болмаған жағдайда. Жалған апат сигналдарын бермеңіз.

Балалардың таяз суда ойнауын қадағалаңыз, себебі олар ойын кезінде құлап, тұншығып кетуі мүмкін. Суда басып алуға байланысты ойындарды ұйымдастырмаңыз - құмның шаңында ауаның орнына суды дем алып, есінен танып қалуына себеп бола аласыз. Балалар жүзуді ересектердің бақылауымен ғана оқи алады. Белгісіз жерде суға секіру (сүңгу) қауіпті - басымен топыраққа,  қадаларға және т.б. соғуға, мойын омыртқаларын сындырып алуға, есінен танып, өлуге болады.

Суда өзін-өзі қауіпсіз ұстау ережелері:

Тек арнайы жабдықталған орындарда шомылыңыз. Су түбін білмейтін жерлерде сүңгімеңіз.

Арнайы қалқыдан тыс жүзіп кетпеніз.

Суда ойнау кезінде бір-біріңіз қолдарыңыз бен аяқтарыңызды ұстамаңыз.

Жүзе алмайтындар тереңдігі 1,2 метрден аспайтын арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға тиіс.

Есіңізде болсын! Судағы қауіпсіздік шараларын бұлжытпай сақтау ғана апатқа жол бермейді.

Дата публикации
14 июля 2020
Дата обновления
14 июля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
11 сентября 2023
Көп қабатты тұрғын үйдегі шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
31 января 2023
Ірі қара малдың құтыруы ауруы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы