Өрт кез келген жерде және кез келген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан тұрғын үйлердегі өрт кезінде әрекет ету ережелерін және әр түрлі жағдайларда не істеу қажет екендігін еске саламыз.
Ең бастысы сіздің құтқарылуыңыз «101» телефон нөміріне қоңыру шалудан басталады. Ең алдымен, үрейленбей, қай жерде және не жанып жатқанын, телефоныңыздың нөмірін, тегіңізді хабарлаңыз, телефонды тастамаңыз, диспетчердің тағы да сұрақтар қоюы мүмкін.
Егер, өрт сіздің үйіңізде болмаса, дәліздер мен баспалдақ алаңдарында қалың түтін болса, онда бөлмеден шығуға болмайды. Түтіннің кіруінен есікті нығыздап жауып, үйде қалыңыз. Сондай-ақ, саңылауларды және желдету тесіктерін дымқыл шүберекпен жабыңыз. Өрт туралы телефон арқылы хабарлап, телефон болмаған жағдайда терезе арқылы көмек шақырыңыз.
Егер өрт немесе түтін шығу жолын кесіп тастаса және сіз үшін қауіп төндірсе, ал, сіз бірінші қабатта болсаңыз, терезе арқылы сыртқа шығыңыз.
Егер баспалдақ болмаса, балконға (лоджияға) шығып, есікті тығыз жауып, көмекке шақырыңыз.
Егер балкон болмаса, барлық есіктерді жауып, ең алыс бөлмеге барыңыз. Терезені абайлап ашыңыз, көмекке шақырыңыз. Сіз туралы біреулердің білгеніне көз жеткізгенде, тыныс алу органдарын дымқыл шүберекпен қорғаңыз. Есіңізде болсын, тыныс алуға болатын ауа аз да болса төменде болады. Сондықтан, еденге жатып тыныстаңыз.
Егер пәтерде қалу мүмкін болмаса, ваннаға барыңыз. Есікті жауып, оған су құйыңыз. Су сізді қызып кетуден сақтайды. Тесіктерді шүберекпен жабыңыз.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде терезеге жақындап, сізге көмек көрсету туралы белгі беріңіз.
Қалың түтін ішінде қалай үрейсіз қозғалуға болады:
- егер мүмкіндік болса, тыныс алу органдарын дымқыл шүберекпен байлап, қабырғаға қарай қозғалысты бастаңыз. Тек баспалдақпен қозғалу керек, лифтті пайдалануға тыйым салынады, баспалдақ жақтауларын ұстамаңыз, олар ыстық немесе жоғары температураның әсерінен қаттылығын жоғалтуы мүмкін.
- үй-жайда, әсіресе қарт адамдар немесе балалар қалып қоймағанын тексеруді ұмытпаңыз, оларды бірінші кезекте құтқару керек.
Есіңізде болсын!
СІЗДІҢ ЖӘНЕ СІЗГЕ ҚЫМБАТ АДАМДАРДЫҢ ӨМІРЛЕРІ СІЗДІҢ БАТЫЛДЫҒЫҢЫЗ, ШЕШІМДІЛІГІҢІЗ БЕН БІЛІМІҢІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ!