Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті, 140000 Павлодар қаласы, Олжабай батыра көшесі 14, анықтама телефоны: 8(7182) 53-53-25, электрондық мекенжай: ok_dchs@pvl.emer.kz азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы бос лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Негізгі функционалдық міндеттері: Департаментте хабарлау және ақпараттандыру байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру.
Айлықақы мөлшері мен жағдайы: 289688 теңге 89 тиын – 409579 теңге 37 тиын, жәрдемақы, сыйлықақы.
Конкурстың қатысушысына қойылатын негізгі талаптар:
Білім деңгейі – жоғарыдан төмен емес.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарына қойылатын талаптар:
Жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-7, C-AGP-8, C-KSGP-5, C-KAGP-5, C-VP-5, C-TP-7, C-OGP-7, C-OKSGP-5, B-FM-6, B-FMО-5, C-SV-8, C-SVО-5, C-SVО-7 (C-SVR-3 санатындағы лауазымға орналасу үшін), C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-4, С-SSP-3, C-SGU-8 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте алты жылдан кем емес қызмет өтілі, оның ішінде облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) деңгейдегі арнаулы мемлекеттік органдардың немесе әскери басқару органының немесе әскери оқу орындарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) облыстық және оларға теңестірілген соттардан (Республика астанасының қалалық сотынан, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттарынан) төмен емес соттарда судья лауазымында жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес;
4) саяси немесе әкімшілік лауазымдарда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін "А" корпусындағы және (немесе) А-1, B-1, C-1, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орта немесе ірі кәсіпкерлік ұйымдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор басшысы лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарлама жарияланған күннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей 2025 жылғы 5-11 желтоқсан.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
|
Азаматтық қорғау органдарында |
|
Нысан |
|
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына |
Өтініш
Мені _______________________________ бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым, оларды орындауға келісемін.
_________________________________________ ____________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған дағдайда)) (қолы және күні)
Байланыс деректері:
жұмыс және ұялы телефон номірі _________________________
электрондық мекенжайы _________________________________________
тұрғылықты мекенжайы _________________________________
жұмыс мекенжайы _____________________________________________
20___ жылғы "____" ___________ .
Құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаған және/немесе көрсетілген мерзімдерді бұзумен ұсынылған жағдайда кандидат конкурска қатысуға жіберілмейді.