Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті, 140000 Павлодар қаласы, Олжабай батыра көшесі 14, анықтама телефоны: 8(7182) 53-16-01, электрондық мекенжай: ok_dchs@pvl.emer.kz азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
Қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер:
Қызметкердің құқығы жоқ:
1) өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесі болуға, партиялар, кәсіптік одақтар қатарында болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек;
2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтердi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын;
4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;
5) өзiнiң қызметтiк әрекетiн қамтамасыз ететін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;
6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;
7) лауазымдық өкiлеттiктерін атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметiн жеке мақсатында пайдалануға;
8) пайдакүнемдiк мақсатта, оның ішінде лауазымды немесе өзге де адамдармен сөз байласу жолымен қызмет бабын пайдалануға;
9) өзінің жақын туыстары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға тікелей бағынысында болуына құқығы жоқ.
Білімі ортадан кем емес. Жасы отыз бес жастан аспаған болуы тиіс. Қажет:
Өрт сөндіруші-құтқарушы (C-SV-13 санаты).
Функционалдық міндеттері: қарауыл қызметін атқару, өрттерді сөндіруге, адамдарды және мүлікті құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуге қатысу.
Жалақы мүлшері 195000 теңгеден бастап жоғарылайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: өтініш, сауалнама, кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы, өз қолымен жазылған, сонымен қатар, басып шығарылған түрдегі өмірбаян, нотариалды куәландырылған, білімі туралы құжаттардың көшірмелері; нотариалды куәландырылған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; нотариалды куәландырылған, әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тізімге алу туралы куәліктің көшірмесі; соңғы жұмыс орнынан мінездеме (еңбек өтілі болған жағдайда) оқу орнынан немесе әскери қызмет өткен жерінен, яғни әскери бөлімнен; 3х4 көлемінде алты фотосурет; Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің көшірмесі; Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша.
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Қарауға құжат тігілетін папкаға орналастырылған, қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетілген, құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде азаматтармен қолма қол тапсырылған құжаттар қабылданады.
Құжаттарды қабылдау конкурсын өткізу туралы хабарландыру соңғы жариялау күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін аяқталады (2025 жылғы 13 қаңтардан бастап 2025 жылғы 24 қаңтарға дейін).
Конкурстық комиссия отырысына бақылаушылардың қатысуы.