«2024 жылға арналған Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізу тізімдерінің орындалуы туралы»

Павлодар облысының ТЖД есебінде барлығы 255 бақылаудағы объекттер бар, олардың: 89жоғары тәуекел дәрежесіне(ең көп жұмыс істейтін ауысымы бар азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдар- 34,табиғи және жасанды су айдындарындағы жаппай демалыс орындары бекітілген ұйымдар- 42, ЖАО-13), 166орташа тәуекел дәрежесіне- (базасында Азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар- 137,азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар- 29).

        Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау(бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау)жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылғанобъектілеріне қатысты жүргізіледі.

        Ағымдағы жылы Департаментпен және оның аумақтық бөлімшелерімен (қалалардың ТЖБ) 5% шектік мәнді ескере отырып, бақылаудағы 12 субъектке қатыстытексерістер(бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау) жоспарланып, жүргізілді.

        Оларды жүргізу нәтижесінде азаматтық қорғаныс саласында бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдамалар бере отырып, 12 субъектте 121бұзушылық(80-өрескел, 30-елеулі, 11-елеусіз)анықталды.

                Департаментпен 2024 жылы бұрын берілген нұсқамаларда көрсетілген бұзушылықтардың орындалуын бақылау бойынша 2 жоспардантыс тексеру жүргізілді. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша ҚР ӘҚБК туралы ҚРК-нің 462 – бабының 3- бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 хаттама жасалды, олар ведомстволық бағыныстылығы бойынша жалпы сомасы 1 млн. 661 мың 400 теңгеге ақшалай айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданумен әкімшілік соттармен жіберілді және қаралды.

        4тексерісхат алмасу арқылы (ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 152 бабының 13-15 тармақтары)аяқталды.

       

       

 

 

       

 

Дата публикации
19 декабря 2024