«ҚР ТЖМ Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті»
мемлекеттік мекемесі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
C-O-5 Б блогы - 243700
C-O-5 А блогы - 282693
«ҚР ТЖМ Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі, 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 14, анықтама телефондары: 8 (7182) 53-16-01, электронды мекен-жайы: ok_dchs_pavl@emer.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білім, жоғары білім: бизнес, басқару және құқық (маркетинг және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); педагогикалық ғылымдар (қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде оқытпайтын және/немесе шетел тілі: екі шетел тілі); өнер және гуманитарлық ғылымдар (филология және/немесе тілдер және әдебиет); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (журналистика және/немесе қоғамдық байланыс және/немесе халықаралық журналистика).
Функционалдық міндеттері: Департаментте және оның бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында ақпараттық саясатты регламенттейтін тілдер, БАҚ туралы заңдардың, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық құжаттар нормаларының орындалуы бойынша жоспарлы тексерулерді жүзеге асырады.
Департаменттің ведомстволық бағынысты ұйымдарында ақпарат топтарының жұмысына әдістемелік басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады.
Брифингтер, пресс-конференциялар, интернет-конференциялар ұйымдастыру және өткізу, пресс-релиздер мен ақпараттық хабарламалар тарату.
Департаменттің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау. БАҚ-та жариялау үшін материалдар дайындау, ведомстволық бағынысты ұйымдарға олардың қызметі мәселелері бойынша БАҚ-та материалдар дайындауға жәрдемдесу.
Департаменттің іс-шараларын фото-бейнетүсірілімді ұйымдастыру және өткізу.
БАҚ, Интернет желісіне үздіксіз мониторинг жүргізу, сыни ақпараттық материалдарға жедел ден қою.
Жариялау үшін жоспарланған материалдарды рецензиялау, департаменттің, оның бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының сайт пен порталды ақпараттық және тілдік қолдау бойынша қызметін үйлестіру.
Министрліктің және Департаменттің ресми сайтының бөлімдерінде материалдардың уақытылы толтырылуын және жаңартылуын бақылау.
Министрліктің және Департаменттің ресми сайтында жарияланатын ақпараттың өзектілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету.
Функционалды блок «Б»
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білім, жоғары білім: қызметтер (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі); бизнес, басқару және құқық (құқық); педагогикалық ғылымдар (бастапқы әскери дайындық); ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (әскери іс және/немесе ұлттық қауіпсіздік және/немесе қоғамдық қауіпсіздік).
Функционалдық міндеттері: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды талдау және осы мәселелер бойынша іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру.
Жылыту маусымына уақытылы және сапалы дайындық бойынша облыстың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін бақылау. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық саласы, денсаулық сақтау және білім беру объектілерінің қысқы кезеңге дайындығы бойынша қалалар мен аудандардан ақпаратты жинау және талдау. Қысқы кезеңде облыстың тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде ТЖ туындауының алдын алу мәселелері бойынша құжаттарды, шешімдерді, өкімдер мен қаулыларды дайындау және іске асыру. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындау қаупін барынша азайтуға, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, залал мен материалдық шығындар мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шараларды орындау бойынша облыстың кәсіпорындарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
Төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді, қызмет мәселелеріне қатысты нормативтерді, стандарттар мен ережелерді келісуге жібереді.
Функционалды блок «А»
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі білім, жоғары білім: бизнес, басқару және құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе экономика және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаларды басқару); педагогикалық ғылымдар (орыс тілі мен әдебиеті және/немесе информатика және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе математика-информатика); өнер және гуманитарлық ғылымдар (филология және/немесе аударма ісі); әлеуметтік ғылымдар журналистика және ақпарат (мұрағаттану құжаттар жүргізі және құжаттамалық қамтамасыз ету.
Функционалдық міндеттері: Бірыңғай құжаттама айналымының электронды (Документолог) базасында жұмыс тәртібіне сәйкес хат-хабарларды тіркеу, есепке алу және қарастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Бірыңғай құжаттау және құжат айналымы тәртібін қамтамасыз ету.
Құжаттардың мемлекеттік тілдегі аудармаларына түзетулер енгізеді. Жоғары тұрған ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен хат алмасуды, мемлекеттік тілде ақпарат алмасуды, сондай-ақ есептіліктің басқа да түрлерін қамтамасыз ету. Департамент қызметкерлерін мемлекет қаражаты есебінен мемлекеттік тілге оқытуды ұйымдастыру. Іс жүргізу талаптарына сәйкес шығыс хат-хабарлардың ресімделуін бақылайды.
Департаментте және оның бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында тіл саясатын, ақпараттық саясатты регламенттейтін тіл туралы заң нормаларының, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық құжаттардың орындалуы бойынша жоспарлы тексерулерді жүзеге асырады.
ЭҚАБЖ-да жоғары тұрған және басқа да мемлекеттік органдарға ТЖД әзірлеген бұйрықтар жобалары мен хаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін редакциялауды жүзеге асырады және олардың теңтүпнұсқалығын қамтамасыз етеді.
Департаментте мемлекеттік тілді енгізу, дамыту және көпшілікке тарату жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.
Департаменттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік тіл және ақпарат топтарының жұмысына әдістемелік басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады.
«Қызметтік бабында пайдалану үшін» құжаттарды қабылдау және тіркеу.
Департаменттегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша аналитикалық материалдарды, талдауларды, сондай-ақ құзыреті шегінде басшылыққа басқа шолу - аналитикалық ақпараттарды дайындау.
ҚР БП ҚСжАЕК Павлодар облысы бойынша басқармасына «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» 1-ОЛ нысаны бойынша статистикалық есепті қалыптастыру және тапсыру.
Функционалды блок «Б»
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Торағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) негізінде өткізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға осы Қағидалардың 76 және 79-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері, электрондық пошта мекенжайлары арқылы ұсынады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.
Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде құжат ұсынылған электрондық пошта мекенжайларына, ақпараттандыру объектілерімен жіберіледі.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады
Конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасымен белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органның жұмыскерлерімен конкурс комиссияларының құрамы туралы деректерді көпшілікке жария етуге жол берілмейді.
Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелері жұмыскерлерінің конкурс комиссиясының отырысына, оның ішінде қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы қатысуына жол беріледі.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
|
Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
|
Нысан |
|
|
|
|
__________________________ |
|
Мені ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға
және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:_________________________________________
_________________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___"_______________
|
|
|
|
|
|
|
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
|
________________________________________ |
|
|||
|
_______________________________________ |
||||
|
_______________________________________ |
||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||
|
1. |
Туған күні және жері / |
|||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / |
|||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / |
|||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / |
|||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / |
|||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / |
|||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / |
|||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / |
|||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / |
|||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / |
|||
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
||||
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / |
|||
|
қабылданған / |
босатылған / |
|||
|
_____________________ |
_______________ |
|||
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады