Павлодар облысының ТЖД есебінде барлығы 352 бақылаудағы объекттер бар, олардың: 89 жоғары тәуекел дәрежесіне (ең көп жұмыс істейтін ауысымы бар азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдар- 34, табиғи және жасанды су айдындарындағы жаппай демалыс орындары бекітілген ұйымдар- 42, ЖАО-13), 166 орташа тәуекел дәрежесіне- (базасында Азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар- 137, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар- 29), 97 төмен тәуекел дәрежесіне (қорғаныш құрылыстары және басқа да азаматтық қорғаныс мүлкі бар, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылмаған ұйымдар- 33, базасында эвакуациялық пункттері құрылған, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылмаған ұйымдар- 64) жатады.
Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау (бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау) жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған объектілеріне қатысты жүргізіледі.
Ағымдағы жылы Департаментпен және оның аумақтық бөлімшелерімен (қалалардың ТЖБ) 5% шектік мәнді ескере отырып, бақылаудағы 8 субъектке қатысты тексерістер (бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау) жоспарланып, жүргізілді.
Оларды жүргізу нәтижесінде азаматтық қорғаныс саласында бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдамалар бере отырып, 8 субъектте 104 бұзушылық (70- өрескел, 28- елеулі, 6- елеусіз) анықталды.
Департаментпен 2024 жылы бұрындары берген ұйғарымдамалардағы бұзушылықтардың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс 1 тексеріс жүргізілді.
2 тексеріс хат алмасу арқылы (ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 152 бабының 13-15 тармақтары) аяқталды.
Жүргізілген тексерістер нәтижесінде ҚР ӘҚБтК 462 бабының 3 тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1 хаттама құрастырылып, ары қарай қарастыру үшін әкімшілік соттарға жолданды.
Жолданған 1 материалды қарастыру қорытындысы бойынша сотпен жалпы соммасы 369 мың 200 теңгені құрайтын ақшалай айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қабылданды.