ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті, 140000 Павлодар қаласы, Олжабай батыр, 14 үй, анықтама телефоны: 8(7182) 53-16-01, электрондық мекенжай: ok_dchs_pavl@emer.kz азаматтық қорғау органдарының бос лауазымдарына орналасуға іріктеу жариялайды.

Іріктеудің барлық қатысушыларына қойылатын жалпы талаптар:

Медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық  зерттеуден табысты өткен, әскери-дәрігерлік комиссия қызметке жарамды деп танылған Қазақстан Республикасының азаматы.

Жасы отыз бес жастан аспаған болуы тиіс.

Қажет: Дағдарыс жағдайлары басқармасының аға технигі (C-SV-12 санаты бойынша).

Функционалдық міндеттері:

1) ДЖБ-ның құралдарын және мүлігін техникалық жарамды күйінде ұстау;

2) Байланыс құралдары мен бағдарламалық қамтамасыз етудің дұрыс техникалық пайдаланылуын және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

3) Байланыс құралдарын жұмысқа дайындауды, жекелеген құрылғыларды техникалық тексеруді жүзеге асыру, ақауларды уақтылы анықтау мақсатында тестілік тексерулер жүргізу;

4) ДЖБ-да орнатылған байланыс құралдарына, ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыру;

5) Байланыс құралдарының, құлақтандыру жүйесінің техникалық жай-күйін тексеруге, күрделі жөндеуден құрылғыларды қабылдауға, сондай-ақ жаңадан пайдалануға берілетін құрылғыларды қабылдауға қатысу;

6) Төтенше жағдайлар бойынша автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесінде бөлімдерін толтыру және жаңартып отыру (ақпаратты енгізу және түзету);

7) Бақылау және оқу-жаттығу дабылдарының өтуін бақылау, теле- және радио, кабель теледидар  каналдарында телехабарды хабарландыруды беру мақсатымен уақытша тоқтату, SMS-хабарламаларды ұялы байланыс операторлары арқылы өтуін қадағалау.

Жалақысы: 176386 теңгеден бастап.

Біліктілік талаптары: білімі орта білімінен төмен емес. Еңбек өтілі керегі жоқ.

Қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер:

Қызметкердің құқығы жоқ:

1) өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесі болуға, партиялар, кәсіптік одақтар қатарында болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек;

2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтердi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын;

4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;

5) өзiнiң қызметтiк әрекетiн қамтамасыз ететін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;

6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкiлеттiктерін атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметiн жеке мақсатында пайдалануға;

8) пайдакүнемдiк мақсатта, оның ішінде лауазымды немесе өзге де адамдармен сөз байласу жолымен қызмет бабын пайдалануға;

9) өзінің жақын туыстары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға тікелей бағынысында болуына құқығы жоқ.

Іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар: өтініш, сауалнама, кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы, өз қолымен жазылған, сонымен қатар, басып шығарылған түрдегі өмірбаян, нотариалды куәландырылған, білімі туралы құжаттардың көшірмелері; нотариалды куәландырылған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; нотариалды куәландырылған, әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тізімге алу туралы куәліктің көшірмесі; соңғы жұмыс орнынан мінездеме (еңбек өтілі болған жағдайда) оқу орнынан немесе әскери қызмет өткен жерінен, яғни әскери бөлімнен; 3х4 көлемінде алты фотосурет; Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің көшірмесі; Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша.

Құжаттар пакетін толық ұсынбауы оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Қарауға құжат тігілетін папкаға орналастырылған, қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетілген, құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде азаматтармен қолма қол тапсырылған құжаттар қабылданады.

Құжаттарды қабылдау іріктеу өткізу туралы хабарландыру соңғы жариялау күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін аяқталады (2024 жылғы 13-29 наурыз аралығында).

Қабдылдау комиссияның мөлдірлік және оъективтілік жұмысын қамтамасыз ету үшін іріктеу кезеңілеріне бақылаушылар шақырылады.

Дата публикации
13 марта 2024