Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына келесі үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: білім (математика); экономика және бизнес (қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару және/немесе экономика, бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе менеджмент және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе экономика және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит); жаратылыстану ғылымдары (математика).
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 3 бұйрығындағы өзгертулерді есепке алумен)
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
С-О-3 319 635 378 563
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті» ММ, 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 14, анықтама телефондары: 8 (7182) 53-16-01, электронды мекен-жайы: ok_dchs_pavl@emer.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға оған оның ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда айқындалған өзге адамдар да қатысуға құқылыларға ішкі конкурс жариялайды:
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы – бас бухгалтер, С-О-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Басқармаға жалпы басшылық ету және жоспарлау, қаржыландыру, есепке алу және есеп беру мәселелері бойынша бақылау. Жоспарлау, қаржыландыру, қаржыландырудың жеке жоспарын жасау бойынша қаржылық есептердің жасалуын бақылау және ұйымдастыру, бухгалтерлік есептердің жасалуын, салық және басқа органдарға ай сайынғы есептердің орындалуын бақылау. Бюджет қаражаты мен материалдық ресурстардың үнемді және мақсатты пайдаланылуын бақылау. Қолданыстағы еңбекақы төлеу шарттарын дұрыс қолдану мәселелері бойынша бақылау және басшылық жасау. Қаржы мәселелеріне қатысты министрлікпен және басқа мекемелермен кіріс және шығыс хат-хабарлардың орындалуын бақылау. Тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жеке (нақтыланған) жоспарларын әзірлейді және Министрлікке бекітуге ұсынады. Департаменттің қаржыландыру жоспарларына бір жыл ішінде өзгерістер енгізу.
Дебиторлық және кредиторлық берешек туралы есеп жасау. Бас кітапты, таратып жазылған активтердің қозғалысы туралы есепті (5Б нысан), материалдардың, заттай мүліктің, қорлардың қозғалысы туралы есепті (6 нысан), таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есепті (балансқа 4 нысан), қаржы қызметінің нәтижелері туралы есепті (балансқа 2 нысан) жасау. Жартыжылдық және жылдық бюджеттік есептілікті жасауды жүзеге асырады. Министрлікке бюджет қаражатын игеру туралы апта сайынғы есепті жасау. «А» функциональдық блогы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: білім (математика); экономика және бизнес (қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару және/немесе экономика, бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе менеджмент және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе экономика және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит); жаратылыстану ғылымдары (математика).
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істеріАгенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына орналасуға
конкурс өткізу қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін. Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін. Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін ____________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___"_______________