Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
C-O-5 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (математика); экономика және бизнес (жобаны басқару және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе менеджмент және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе экономика және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит); жаратылыстану ғылымдары (математика), жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
C-O-5 186632 229492
'ҚР ТЖМ Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті' мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 14, пошта мекенжайы: Павлодар қаласы, Мир көшесі, 14, анықтама телефоны: 53-16-01, факс: 32-36-92, e-mail: ok_dchs_pavl@emer.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: Тиісті қаржы кезеңіне арналған жергілікті бюджет, республикалық бюджет бойынша Департаменттің бюджеттік өтінімін қалыптастыру. Іссапар шығыстары бойынша есеп жүргізу. Ұсынылған ақаулы актілер, материалдық жауапты тұлғалардан сараптама актілері негізінде негізгі құралдарды есептен шығару актілерін қалыптастыру және оларды бухгалтерлік есепте жүргізу. Активтерді Департамент балансынан басқа мемлекеттік мекемелердің балансына ауыстыру кезінде, сондай-ақ оларды есептен шығару кезінде тылдағы қамтамасыз ету қызметі талаптарының хаттары негізінде бухгалтерлік анықтамалар беру. Департаменттің автокөлік құралдарын есепке қою және есептен шығару. Жылдық түгендеу жүргізу. Мемориалдық ордерлерді ресімдеу және жүргізу№ 6, № 8, № 9, № 28. Активтер бойынша талдамалық есепке алуды жүзеге асыру, объектіге (затқа) түгендеу нөмірін беру және тозуды есептеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Байқаушылар ретінде конкурстық комиссияның отырысына он сегіз жастан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі.
Тіркеу үшін тұлға персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Б корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе көшірмелерін ұсынады.
Тар маманданған лауазымдарға конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар мамандық-бұл мемлекеттік орган қызметкерлерінің 5% - дан азы бар мамандық.
Сарапшылар ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкерлері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және ілгерілету жөніндегі мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мемлекеттік қызметшінің тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей куәландырылған қызметтік тізімі.";
2) білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:
C-4, C-5, D-O-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, E-3, D-4, B-5, C-O-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2, D-5, B-6 санаттары үшін:
Мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут, ҚР Конституциясы (15 сұрақ), ҚР Президенті туралы (15 сұрақ), ҚР мемлекеттік қызметі туралы (15 сұрақ), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (15 сұрақ), Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы (15 сұрақ), ҚР жергілікті мем. басқару және өзін-өзі басқару туралы (15 сұрақ), ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (15 сұрақ), ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (10 сұрақ).
Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (115 сұрақ) кем дегенде 69 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.