Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр саясаты басқармасы Павлодар облысы ТЖД қызметкерлерін аттестаттаудың бекітілген кестесіне сәйкес 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына 32 қызметкер, оның ішінде офицерлер құрамының 3 әскери қызметшісі, азаматтық қорғау орта және аға басшы құрамының 29 қызметкері аттестаттаудан өтуге жататынын хабарлайды. Қызметкерлер аттестаттаудың жүйелі кезеңдерінен өтті, оның қорытындысы бойынша 27 қызметкер әңгімелесуге жіберілді. АҚ-ның 5 қызметкері келесі себептер бойынша аттестаттауға жіберілген жоқ:
- денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан босатылуына байланысты аға басшы құрамның 1 қызметкері;
- жүктілікке байланысты аға басшы құрамның 1 қызметкері;
- басқа лауазымға тағайындалуына байланысты аға басшы құрамның 1 қызметкері;
- уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты орта басшы құрамның 1 қызметкері;
- кезекті еңбек демалысында болуына байланысты орта басшы құрамның 1 қызметкері.
Ағымдағы жылғы мамыр мен маусымда аттестаттау комиссиясы Департаменттің 27 қызметкерімен (3 ӘҚ, 24 АҚ) әңгімелесулер өткізді, оның қорытындысы бойынша шешімдер қабылданды:
- 9 қызметкер атқаратын лауазымдарына сәйкес келеді және жоғары тұрған лауазымға ұсыну немесе кадр резервіне енгізу туралы ұсынылды (2 ӘҚ, 7 АҚ);
- 17 қызметкер атқаратын лауазымдарына сәйкес келеді (1 ӘҚ, 16 АҚ);
- АҚ-ның 1 қызметкері қайта аттестаттауға жатады.