2022 жылғы 1-жартыжылдығы бойынша кезекті аттестаттау туралы ақпарат

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр саясаты басқармасы Павлодар облысы ТЖД қызметкерлерін аттестаттаудың бекітілген кестесіне сәйкес 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына 32 қызметкер, оның ішінде офицерлер құрамының 3 әскери қызметшісі, азаматтық қорғау орта және аға басшы құрамының 29 қызметкері аттестаттаудан өтуге жататынын хабарлайды. Қызметкерлер аттестаттаудың жүйелі кезеңдерінен өтті, оның қорытындысы бойынша 27 қызметкер әңгімелесуге жіберілді. АҚ-ның 5 қызметкері келесі себептер бойынша аттестаттауға жіберілген жоқ:

- денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан босатылуына байланысты аға басшы құрамның 1 қызметкері;

- жүктілікке байланысты аға басшы құрамның 1 қызметкері;

- басқа лауазымға тағайындалуына байланысты аға басшы құрамның 1 қызметкері;

- уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты орта басшы құрамның 1 қызметкері;

- кезекті еңбек демалысында болуына байланысты орта басшы құрамның 1 қызметкері.

Ағымдағы жылғы 12 мамырда және 16 маусымда аттестаттау комиссиясы Департаменттің 14 қызметкерімен (3 ӘҚ, 11 АҚ) әңгімелесу өткізді, оның қорытындысы бойынша шешімдер қабылданды:

- 4 қызметкер атқаратын лауазымдарына сәйкес келеді және жоғары тұрған лауазымға ұсыну немесе кадр резервіне енгізу туралы ұсынылды (2 ӘҚ, 2 АҚ);

- 9 қызметкер атқаратын лауазымдарына сәйкес келеді (1 ӘҚ, 8 АҚ);

- АҚ-ның 1 қызметкері қайта аттестаттауға жатады.

Қалған 13 АҚ қызметкері бойынша нәтижелер олар әңгімелесуден өткеннен кейін қосымша жарияланады.

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 июня 2022