Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден, медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден табысты өткен, әскери-дәрігерлік комиссия қызметке жарамды деп танылған Қазақстан Республикасының азаматы конкурс қатысушысы болып табылады.
Жасы отыз бес жастан аспаған болуы тиіс.
Қажет:
Департаменттің Павлодар ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері (C-SVR-8 санаты): 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Өзіне бекітілген нысандарда өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асыру. Облыстың елді мекенді жерлерінде, ТЖД бөлімшелерінде, шаруашылық нысандарында өткізілетін кешенді, бақылау, мақсатты тексерулерге қатысу, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шара қолдану. Өрттерді есепке алу карточкаларын дерекқор (мәліметтер) базасына сапалы және уақытылы енгізуге жауапты.
Біліміне қойылатын талаптар:
техникалық және кәсіби, орта буын мамандарын дайындауды қамтамасыз ететін орта біліммен кейінгі білім: өрт қауіпсіздігі; өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі; төтенше жағдайларда қорғау; құрылыс; құрылыс материалдарын, өнімдерін және конструкция өндіру; электр энергетикасы; жылу энергетикасы; радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; механика; есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету; юриспруденция; құқық; мұнай-газ ісі; автоматтандыру және басқару; стандарттау, сертификаттау және метрология; логистика (салалар бойынша); техникалық физика; көлік құрылысы; әскери іс және қауіпсіздік.
Еңбек өтілі керегі жоқ.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары:
|
Санаты |
Еңбек өтіліне байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
C-SVО-8 |
88051,42 |
119047,72 |
2
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: өтініш, сауалнама, кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы, өз қолымен жазылған, сонымен қатар, басып шығарылған түрдегі өмірбаян, нотариалды куәландырылған, білімі туралы құжаттардың көшірмелері; нотариалды куәландырылған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; нотариалды куәландырылған, әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тізімге алу туралы куәліктің көшірмесі; соңғы жұмыс орнынан мінездеме (еңбек өтілі болған жағдайда) оқу орнынан немесе әскери қызмет өткен жерінен, яғни әскери бөлімнен; 3х4 көлемінде төрт фотосурет; Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің көшірмесі; Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерiн жүргiзу мен пайдаланудың Қағидасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы; құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін); біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады. Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Қарауға құжат тігілетін папкаға орналастырылған, қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетілген, құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде азаматтармен қолма қол тапсырылған құжаттар қабылданады.
Құжаттарды қабылдау іріктеу өткізу туралы хабарландыру жариялау келесі күнінен бастап жеті күнтізбелік күннен кейін аяқталады (2022 жылғы 17 мамырдан бастап).
Конкурстық комиссия отырысына бақылаушылардың қатысуы мүмкін.
Конкурсты өткізуге қаралаған шығындардан басқа, конкурсқа қатысу бойынша барлық шығындарды азаматтар өздерінің жеке қаражаты есебінен жүргізеді.