Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
C-R-4 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
C-R-4 186632 229492
'ҚР ТЖМ Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті' мемлекеттік мекемесі, город Павлодар, улица Мира, 14, пошта мекенжайы: город Павлодар, улица Мира, 14, анықтама телефоны: 53-16-01, факс: 32-36-92, e-mail: ok_dchs_pavl@emer.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: Бейбіт және соғыс уақытындағы ақ қалалық жоспарларын, төтенше жағдайларды жоюдың жалпы жоспарын, әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларда қаланың басқару органдарының, күштері мен құралдарының іс-қимыл жоспарларын (бұдан әрі - АҚ және ТЖ жоспарлары) әзірлеуге қатысу. Қалада оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізуге құжаттар (материалдар) әзірлеу. Өткізілген оқу-жаттығулар мен жаттығулардың нәтижелерін талдау, қорытындылау үшін қорытындылар мен материалдар дайындау. Қаланың АҚ және ТЖ қолданыстағы жоспарларына түзету мен нақтылауды жүргізу. Қызметтер мен объектілерге көмек көрсету. Азаматтық қорғаныс басқару пункттерінің қалалық жүйесінің дайындығын бақылау. Қаладағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар бойынша жалпы есеп пен есептілікті жүзеге асырады. Жедел жағдайдың деректерін жинауды, талдауды және бағалауды жүзеге асырады, жедел есептеулер жүргізеді, хабарламалар, басқарма құжаттарының жобаларын дайындайды, жұмыс карталарын ресімдейді.
Авариялық ғимараттар мен құрылыстарды тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу.
Өнеркәсіптік авариялар, өрттер, күшті әсер ететін улы заттар, ТЖС, радиоактивті және биологиялық қауіпті заттар шығарылған авариялар, ғимараттар мен құрылыстардың құлауы салдарынан техногендік сипаттағы ТЖ мониторингі мәселелерін талдау және осы мәселелер бойынша іс-шаралардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру. Қаланың кәсіпорындары мен тұрғын аймағында сынаптың төгілуіне байланысты ТЖ алдын алу және жою бойынша бақылауды жүзеге асыру, көліктік ТЖ-дан басқа, техногендік сипаттағы ТЖ есебін жүргізу. Объектілерді кешенді тексеруге қатысу. ТЖ алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстар және объектілерді тексеру нәтижелері бойынша материалдар дайындайды.
Техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу жөніндегі ақпаратты жинау мен өңдеуді жүзеге асыру, қаланың ықтимал қауіпті объектілерінің деректер банкін жаңарту.
Авариялық ғимараттар мен құрылыстарды тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу.
"А" функционалдық блогы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: техникалық ғылымдары мен технологиялар (машина жасау және/немесе электр энергетикасы және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе картография және/немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат); білім (химия және/немесе биология); құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі.
Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі."
2) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:
C-4, C-5, D-O-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, E-3, D-4, B-5, C-O-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2, D-5, B-6 санаттары үшін:
Мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут, ҚР Конституциясы (15 сұрақ), ҚР Президенті туралы (15 сұрақ), ҚР мемлекеттік қызметі туралы (15 сұрақ), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (15 сұрақ), Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы (15 сұрақ), ҚР жергілікті мем. басқару және өзін-өзі басқару туралы (15 сұрақ), ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (15 сұрақ), ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (10 сұрақ).
Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (115 сұрақ) кем дегенде 69 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.