Өкінішке орай ересек адамды балалардың бойында отпен ойнаудың нәтижелері алдындағы жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу сұрақтары көп мазаламайды. Балалар сенгіш келеді. Олар біздердің, үлкендердің оларды қауіп пен қатерден сақтап қалатымызға сенеді.
Біз олардың осы сенімдерін ақтау үшін НЕ ЖАСАЙМЫЗ? Әрине, біз «Жолды тек қызыл шамға өт», «Шырпы – ойыншық емес» деп айтамыз. Болып жатқан жағдайлардың негізгі себебі де осы. Тек бір ғана сөзбен балалардың бойындағы жас ерекшелігіне байланысты айналасындағы жаңашылдықтар мен қызықтарға деген қызығушылығын тоқтатуға болмайды. Бала үшін әрбір сағат, әрбір күн – жаңашылдық. Өкінішке орай, олардың кейбірінің соңы қайғыға әкеледі. Мысалы: өрт... Егер ата-аналардан сұрақ-жауап алсақ, балаларды өрт қауіпсіздігі туралы хабардар қылғандары туралы сұрасақ, көпшілігі «мектепке барғасын үйренеді» деп жауап береді. Әрине, мектепте оларды үйретеді, алайда, балалардың көпшілігі өрт жағдайында 5 жасқа дейінгі кезеңде, яғни ата-аналардың қарауында болған кезде мерт болады. Экстремалды жағдайларда ғана қауіпсіздік ережелері туралы ойланамыз. Бірақ, біз жазатайым оқиғаны болдырмау мақсатында ата-аналардың назарына саламыз.
Өртпен ойнаудың қасіреттерінің ең көп болу кезеңі – жазғы демалыс кезі. Бұл балалардың бос кезі, олар шырпымен ойнап, от қояды т.с.с. Осының барлығының соңы көп жағдайда қайғыға әкеп соқтырады. Өкінішке орай, балалардың шырпымен ойнауының себебінен болатын өрттер көп кездеседі. Осындай өрттердің соңы өте қайғылы болуы мүмкін.
Барлық балалардың жалынға деген қызығушылығы жоғары, өйткені олар өрттің тудырар қаупін толық түсінбейді, қызықтырады. 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалар өз ойындарында үлкендердің ісін, еңбегін қайталауға тырысады. Бұл кезде балалар барлығын тез біліп, өзі жасағысы келіп тұрады. Бұл, әсіресе, олардың ересектер жоқ кезде, үйде жалғыз қалғанда жасағысы келіп тұрады.
Үйде жалғыз қалған бүлдіршіннің шырпыны тұтатуы, қағазды жағуы, орманда көргендей жалын жағуы туралы шешім қабылдамауына сенімді болу мүмкін емес. Ересектердің балаларды қандай-да бір себептер мен жағдайларда үйде жалғыз, қадағалаусыз қалдыруына тура келеді. Бұл – өте қауіпті. Әсіресе, балалар құлыптаулы бөлмеде немесе үйде қалған кезде. Өрт туындаған жағдайда олар сыртқа шыға алмай қалады.
Ойынның бұзақылыққа ауысу кездері де аз емес. Қызық үшін балалар үйдің шатырлары мен балкондардан жанғыш «ұшақтарды» лақтырып, ауладағы терек мамығы мен қоқысты өртеп, соңы қандай қасіртеке әкелетінін түсінбейді. Алдымен, бұл бұзақылықтарға кінәлі ата-ана, өйткені олар балаларды қадағалаусыз үйде қалдырады, шырпыны жасырмайды, балалардың ойынымен қызықпайды, тексермейді. Кей жағдайларда шырпыны ойыншық ретінде ойнатады, бүлдіршіндерге электр жабдықтарын қосуға жұмсайды.
Балалардың өртпен ойнауынан қайғылы жағдайды болдырмауға не істеуге болады:
Өртті немесе оның белгілерін анықтаған кезде (түтін, жоғары температура, түтіннің иісі т.с.с.) кез-келген жастағы бала ғимараттан ығу жолдарын қарастыру керек.
Өрт туралы ересектерге немесе өрт сөндіру қызметіне «101»-ге хабарласуы тиіс. «Жоқ! Болмайды!» деген сөзден балаға өрттің қаупі туралы түсіндірген жөн болады. Балалардың осы кеңестерді есіне сақтағаны өте маңызды. Өзіңіздің іс-әрекеттеріңізбен балаға өрт қауіпсіздігін сақтауды үйретіңіз. Осы арқылы ған біз өртпен ойнаудың қаупінің алдын алып, өз үйімізді және адам өміріміздің мәні баламызды ман сақтап қаламыз.
Құрметті ересектер! Балалардың көп жағдайда бізге ұқсағысы келетінін есте сақтаңыздар. Өзіңіз де өртпен абай болып, балаларға оның зардабын түсіндіріңіздер. Ерекетердің қадағалауынсыз бала өрттің себебі
болуы мүмкін.
Сіздің балаңыздың өмірі сіздің қолыңызда екенін естен шығармаңыз!