Назар аударыңыз тұрмыстық газ!

Тұрмыстық газ –  адам өмір сүру барысындағы маңызды шикізат көзі. Газды жылу жүйесін ұйымдастыруда,  тамақ дайындау барысында, қозғалтқыш жұмысында қолданылады.

Бүгінгі күні тұрмыстық газдың екі негізгі тобы бар, табиғи, сұйылтылған газ.

Сұйылтылған газ ауадан екі есе ауыр және газ шығып кеткен уақытта бірінші кезекте, жертөлелерді, еденасты, жерасты коммуникацияларды және де үлкен қашықтықтарға тарауы мүмкін. Ауамен қосылған кезде жарылыс қаупі жоғары сұйықтық түзеді. Газ толық жанбаған кезде көміртек тотығын түзеді (түссіз және иісі жоқ), көміртек тотығынан адам тұншығып қайтыс болуы мүмкін.  

Тұрмыстық газ жарылу мен тұрмыстық үйлерде өрттің пайда болу себебінің қомақты бөлігі – қауіпсіздік шараларын елемеу, газ қолдану ережелерін білмеу мен сұйылтылған газ баллондарды қолданудағы немқұрайлық.

Тұрмыстық газдың жарылуын және сұйылтылған газ қолдану барысындағы өрттің алдын-алу үшін келесі ережелерді есте сақтаңыз:

  • Сұйылтылған газы бар баллонды тек тігінен, желдетілетін үй-жайларда қолдану қажет.
  • Қосымша толтырылған және бос газ баллондарды тұрғын үйлерде уақытша, сондай-ақ, эвакуация жолдарында өрт қаупін болдырмау үшін сақтауға болмайды.
  • Бір бөлмеде тек 55 литр 1 газ боллоны және 27 литрден екі газ баллон сақтауға рұқсат етіледі. Уй ішінде газ баллонды тамақ дайындайтын плитадан 1 метр, жылыту батареяларынан 1 метрден кем емес, пеш есігінен 2 метрден кем емес орналастырады;
  • Газ баллонды ауыстырар алдында вентильдердің толық жабық екеніне көз жеткізіңіз. Газ боллонды ауыстырғаннан кейін сабынды қауіпсіздік мақсатында еретіндіні барлық қосылыстарға жағыныз және баллонның герметикалығына көз жеткізіңіз;
  • Үй-жайларда жалын мен электр құралдары қосылу тұрса, газ баллондарды ауыстырмаңыз;
  • Газ қолдану жұмыстарын аяқтаған уақытта, газ краның жабуды ұмытпаңыз.

Ескертеміз, газ қолдану ережелері бұзылған уақытта тұрмыстық газдың жарылуына елеулі жарақатқа және адам өліміне әкеліп соғады.

Дата публикации
18 марта 2021