Павлодар облысының ТЖД жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған 223 бақылаудағы субъект (275 объект) есепке алынды, оның ішінде:
- өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары (азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелер) – 13 (5,9%);
- АҚ бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар – 57 (24,5%);
- базасында АҚ қызметтері құрылған ұйымдар – 137 (62,3%);
- табиғи және жасанды су айдындарында жаппай демалу орындары бекітілген ұйымдар – 16 (7,3%)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес АҚ саласындағы мемлекеттік бақылау бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін бақылау субъектілеріне жүзеге асырылады.
Кодекске сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиі емес айқындалады.
Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде 2020 жылға арналған Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді.
Кодекске, сондай-ақ "Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына сәйкес азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау туралы ұсынылатын есептерді талдау кейіннен тізімдерді қалыптастыра отырып, жыл сайын қараша айында қалыптастырылады, ол өз кезегінде негізгі ақпарат көзі болып табылады.
Осыған байланысты бақылаудағы субъектілердің 220 жалпы санынан 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне 37 бақылау субъектісі енгізілді, оның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдар – 3 (23%);
- АҚ бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар – 12 (22,2 %);
- базасында АҚ қызметтері құрылған ұйымдар – 22 (17%).
2021 жылдың бірінші жартыжылдығына профилактикалық бақылау жүргізу тізімін орындау
Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын бақылау шеңберінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес жоспарланған 37 объект толық көлемде тексерілді (100%).
Тексерулер саны 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,9% - ға артты.
Жоспарланған Профилактикалық бақылаудың ең көп саны Департаменттің Азаматтық қорғаныс басқармасына тиесілі – 20, жалпы саны 135 бақылауда тұрған субъектілер, бұл жоспарланған тексерулердің жалпы санының 54,05% - ын құрады.
Жоспарланған Профилактикалық бақылаудың ең аз саны Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасына тиесілі - 3 жалпы саны 27 бақылауда тұрған субъектілер, бұл жоспарланған тексерулердің жалпы санының 8,1% - ын құрады.
Құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспарланған және жүргізілген Профилактикалық бақылаудың арақатынасы
Құрылымдық және аумақтық бөлімшелер бөлінісінде жүргізілген профилактикалық бақылау бойынша мәліметтер
|
№ р/с |
Бөлімшенің атауы |
Жоспарланған |
Тексерілді |
Тексерілмеген |
|
|
Объективті себептер бойынша |
Объективті емес себептер бойынша |
||||
|
1. |
ТЖД АҚБ |
20 |
20 |
- |
- |
|
2. |
Павлодар қ. |
10 |
10 |
- |
- |
|
3. |
Екібастұз қ. |
3 |
3 |
- |
- |
|
4. |
Ақсу қ. |
4 |
4 |
- |
- |
|
|
Жиыны: |
37 |
37 |
- |
- |
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында профилактикалық бақылау тізімінің орындалуы 100% құрады.
Жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша 37 субъектіде азаматтық қорғаныс саласындағы талаптарды 285 (160 өрескел, 90 елеулі және 35 болмашы) бұзушылықтары анықталды.
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындамау бөлігіндегі негізгі бұзушылықтарға мыналар жатады:
- нормативтік-құқықтық актілердің болмауы не талаптарына сәйкес келмеуі азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою іс-қимылдары жоспарларының мазмұны;
- азаматтық қорғаныс мүлкі қорларының болуы және әзірлікте ұстау;
- қорғаныш құрылыстары қорын жинақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырудың және жүргізудің болмауы және оларды бейбіт уақытта ұстау тәртібіне сәйкестігі;
- азаматтық қорғау құралымдарын материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- азаматтық қорғау құралымдарының бейбіт және соғыс уақытында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге әзірлігі;
- хабарлау және байланыс жүйелерінің болуы және пайдалануға әзірлікте болуы.
Анықталған бұзушылықтардың ең көп саны келесі аумақтық бөлімшелерге тиесілі:
- Павлодар қаласының ТЖБ-10 тексеру субъектісінде 142 бұзушылық (орта есеппен 1 субъектіде 14 бұзушылық).
Анықталған бұзушылықтардың ең аз саны келесі аумақтық бөлімшеге тиесілі:
- Екібастұз қаласының ТЖБ - 3 тексеру субъектісінде 11 бұзушылық (орта есеппен 1 субъектіде 4 бұзушылық).
Әкімшілік тәжірибе
2021 жылдың 6 айында барлығы 16 жоспардан тыс тексеру жүргізілді (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау), олардың нәтижелері бойынша ӘБ туралы ҚРК 462-бабының 3-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 7 хаттама жасалды (мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар) берген заңды талаптарды немесе), лауазымды адамдарымен олардың құзыреті шегінде) кейіннен әкімшілік соттың қарауына бере отырып жүзеге асырылады. Оларды қарау нәтижелері бойынша соттар жалпы сомасы 1 миллион 267 мың 109 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды
7 бақылау объектісіне қатысты (4 - Азаматтық қорғаныс басқармасы, 2 - Павлодар қаласының ТЖБ, 1 – Ақсу қаласы) соттар жалпы сомасы 1 миллион 267 мың 109 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды, оның ішінде 654 мың 539 теңге толық көлемде төленді, қалған айыппұлдар бойынша төлем мерзімі жақындаған жоқ.
Сонымен қатар, 1 субъектіге қатысты ("Железин ауданының ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі" ММ), (2020 ж.) техникалық себеп бойынша тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі базасында (Азаматтық қорғаныс саласындағы бұзушылықтар дәрежесін бағалау базасында болмағандықтан) және 1 субъектіге қатысты ("Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ) нұсқаманың орындалуын бақылау елеулі және болмашы бұзушылықтарды жоюды растайтын материалдарды ұсыну себебі бойынша алынып тасталды.