Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден, медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден табысты өткен, әскери-дәрігерлік комиссия қызметке жарамды деп таныған.
Білімі ортадан кем емес. Жасы отыз бес жастан аспаған болуы тиіс. Қажет:
Өрт сөндіруші-құтқарушы (C-SV-13 санаты): 6 бірлік (Екібастұз қ. 2-МӨСБ – 1 бір., Павлодар қ. 3-ӨСБ – 1 бір., Павлодар қ. 4-ӨСБ – 1 бір., Теренкөл а. 8-ӨСБ– 1 бір., Қалқаман а. 13-ӨСБ – 1 бір., Майқайын а. 21-ӨСБ – 1 бір.).
Функционалдық міндеттері: қарауыл қызметін атқару, өрттерді сөндіруге, адамдарды және мүлікті құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуге қатысу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: өтініш, сауалнама, кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы, өз қолымен жазылған, сонымен қатар, басып шығарылған түрдегі өмірбаян, нотариалды куәландырылған, білімі туралы құжаттардың көшірмелері; нотариалды куәландырылған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; нотариалды куәландырылған, әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тізімге алу туралы куәліктің көшірмесі; соңғы жұмыс орнынан мінездеме (еңбек өтілі болған жағдайда) оқу орнынан немесе әскери қызмет өткен жерінен, яғни әскери бөлімнен; 3х4 көлемінде төрт фотосурет; Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің көшірмесі; Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерiн жүргiзу мен пайдаланудың Қағидасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы; құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін); біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады. Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Қарауға құжат тігілетін папкаға орналастырылған, қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетілген, құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде азаматтармен қолма қол тапсырылған құжаттар қабылданады.
Құжаттарды қабылдау конкурсын өткізу туралы хабарландыру соңғы жариялау күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін аяқталады (2021 жылғы 26 сәуірден бастап 2021 жылғы 12 мамырға дейін).
Конкурстық комиссия отырысына бақылаушылардың қатысуы мүмкін.
Конкурсты өткізуге қаралаған шығындардан басқа, конкурсқа қатысу бойынша барлық шығындарды азаматтар өздерінің жеке қаражаты есебінен жүргізеді.