'ҚР ТЖМ Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті' мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

 

C-O-5 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат           Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

                                   min                max

    C-O-5                     108305                     146177

 

'ҚР ТЖМ Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті' мемлекеттік мекемесі, город Павлодар, улица Мира, 14, пошта мекенжайы: город Павлодар, улица Мира, 14, анықтама телефоны: 53-16-01, факс: 32-36-92, e-mail: ok_dchs_pavl@emer.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

  1. 'ҚР ТЖМ Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті' мемлекеттік мекемесі қоғаммен байланыс тобының бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Департаментте және оның бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында ақпараттық саясатты регламенттейтін тілдер, БАҚ туралы заңдардың, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық құжаттар нормаларының орындалуы бойынша жоспарлы тексерулерді жүзеге асырады.

Департаменттің ведомстволық бағынысты ұйымдарында ақпарат топтарының жұмысына әдістемелік басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады.

Брифингтер, пресс-конференциялар, интернет-конференциялар ұйымдастыру және өткізу, пресс-релиздер мен ақпараттық хабарламалар тарату.

Департаменттің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау. БАҚ-та жариялау үшін материалдар дайындау, ведомстволық бағынысты ұйымдарға олардың қызметі мәселелері бойынша БАҚ-та материалдар дайындауға жәрдемдесу.

Департаменттің іс-шараларын фото-бейнетүсірілімді ұйымдастыру және өткізу.

БАҚ, Интернет желісіне үздіксіз мониторинг жүргізу, сыни ақпараттық материалдарға жедел ден қою.

Жариялау үшін жоспарланған материалдарды рецензиялау, департаменттің, оның бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының сайт пен порталды ақпараттық және тілдік қолдау бойынша қызметін үйлестіру.

Министрліктің және Департаменттің ресми сайтының бөлімдерінде материалдардың уақытылы толтырылуын және жаңартылуын бақылау.

Министрліктің және Департаменттің ресми сайтында жарияланатын ақпараттың өзектілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі); ауыл шаруашылық ғылымдары (агрономия); білім (шет тілі: екі шет тілдер және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті* және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі және/немесе биология және/немесе химия); гуманитарлық ғылымдары (дуниежүзі тарихы және/немесе тарих және/немесе мәдениеттану және/немесе лингвистика және/немесе әдебиеттану және/немесе халықаралық қатынастар және/немесе аударма іс және/немесе филология және/немесе философия); экономика және бизнес (саясаттану және/немесе жобаны басқару және/немесе журналистика және/немесе халықаралық журналистика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе маркетинг және/немесе психология және/немесе қоғамдық байланыс).

 

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны Департаментте өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Конкурсты өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы (қосымша беріледі) өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (қосымша беріледі);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi7

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

C-4, C-5, D-O-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, E-3, D-4, B-5, C-O-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2, D-5, B-6 санаттары үшін:

Мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут, ҚР Конституциясы (15 сұрақ), ҚР Президенті туралы (15 сұрақ), ҚР мемлекеттік қызметі туралы (15 сұрақ), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (15 сұрақ), Әкімшілік рәсімдер туралы (15 сұрақ), Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы (15 сұрақ), Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы (15 сұрақ), ҚР жергілікті мем. басқару және өзін-өзі басқару туралы  (15 сұрақ), ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (10 сұрақ).

Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

 

 

Дата публикации
09 апреля 2021