Павлодар облысының ТЖД жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған 220 бақылаудағы субъект (272 объект) есепке алынды, оның ішінде:
- табиғи және жасанды су айдындарында жаппай демалу орындары бекітілген ұйымдар – 16 (7,3%).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес МО саласындағы мемлекеттік бақылау бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін бақылау субъектілеріне жүзеге асырылады.
Кодекске сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиі емес айқындалады.
Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде 2020 жылға арналған Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді.
Кодекске, сондай-ақ "Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына сәйкес азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау туралы ұсынылатын есептерді талдау кейіннен тізімдерді қалыптастыра отырып, жыл сайын қараша айында қалыптастырылады, ол өз кезегінде негізгі ақпарат көзі болып табылады.
Осыған байланысты бақылаудағы субъектілердің 220 жалпы санынан 2020 жылға арналған Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне 39 бақылау субъектісі енгізілді, оның ішінде:
- табиғи және жасанды су айдындарында жаппай демалу орындары бекітілген ұйымдар – 1 (2,6%);
2020 жылға профилактикалық бақылау жүргізу тізімінің орындалуы
Профилактикалық бақылау жүргізу тізімдеріне сәйкес (ҚР ІІМ 2018 жылғы 6 желтоқсандағы №887 және 2019 жылғы 3 мамырдағы №381 бұйрықтарымен бекітілген) Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын бақылау шеңберінде жоспарланған 39 объектінің 36-сы (92,3%) тексерілді, оның ішінде::
- 1 (2,8%) жергілікті атқарушы орган;
- 15 (41,7%) Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдар;
- 19 (52,7%) базасында АҚ қызметтері құрылған ұйымдар;
- 1 (2,8%) табиғи және жасанды су айдындарында жаппай демалу орындары бекітілген ұйымдар.
Тексерулер саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,3% - ға артты.
Жоспарланған профилактикалық бақылаудың ең көп саны Департаменттің Азаматтық қорғаныс басқармасына тиесілі – 16, жалпы саны 135 бақылауда тұрған субъектілер, бұл жоспарланған тексерулердің жалпы санының 41% - ын құрады.
Жоспарланған профилактикалық бақылаудың ең аз саны Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөліміне келеді - 2 жалпы саны 17 бақылауда тұрған субъектілер, бұл жоспарланған тексерулердің жалпы санының 5,13% - ын құрады.
Есепті кезеңде объективті себептер (жою,атауының өзгеруі, заңды тұлғаның тоқтатылуы (таратылуы) немесе есептен шығарылуы, қызмет саласының тоқтатылуы, банкроттық, мекенжайының өзгеруі) бойынша 3 тексеру (7,7%) жүргізілген жоқ.
Құрылымдық және аумақтық бөлімшелер бөлінісінде жүргізілген профилактикалық бақылау бойынша мәліметтер
|
№ р/с |
Бөлімшенің атауы |
Жоспарланған |
Тексерілген |
Тексерілмеген |
|
|
Объективті себептер бойынша |
Объективті емес себептер бойынша |
||||
|
1. |
ТЖД АҚБ |
16 |
15 |
1 |
- |
|
2. |
Павлодар қ. |
12 |
12 |
- |
- |
|
3. |
Екібастұз қ. |
9 |
8 |
1 |
- |
|
4. |
Ақсу қ. |
2 |
1 |
1 |
- |
|
|
Жиыны: |
39 |
36 |
3 |
|
Профилактикалық бақылау тізімдерінің орындалуы 2020 жылы 92,3% құрады.
Павлодар қалалық ТЖБ профилактикалық бақылаудың жоспарланған тексерулерін 100% орындағандығын айта кету керек.
Жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша
Азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың 227 (103 өрескел, 116 елеулі және 8 болмашы) бұзылуы 32 субъектіде (тексерілген бақылау субъектілерінің жалпы санының 88,88%), 4 субъектіде (тексерілген бақылау субъектілерінің жалпы санының 11,12%) бұзушылықсыз пайдаланылады
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындамау бөлігіндегі негізгі бұзушылықтарға мыналар жатады:
- азаматтық қорғаныс мүлкі қорларының болуы және әзірлікте ұстау;
- қорғаныш құрылыстары қорын жинақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырудың және жүргізудің болмауы және оларды бейбіт уақытта ұстау тәртібіне сәйкестігі;
- азаматтық қорғау құралымдарын материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- азаматтық қорғау құралымдарының бейбіт және соғыс уақытында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге әзірлігі;
- хабарлау жүйелерінің болуы және пайдалануға әзірлікте болуы және байланыс жүйелерінің ақаулығы.
Анықталған бұзушылықтардың ең көп саны келесі аумақтық бөлімшелерге тиесілі:
- Павлодар қаласының ТЖБ – 11 тексеру субъектісінде 94 бұзушылық (орта есеппен 1 субъектіде 9 бұзушылық);
- Департаменттің АҚБ –17 тексеру субъектісінде 118 бұзушылық (орта есеппен 1 субъектіде 7 бұзушылық).
Анықталған бұзушылықтардың ең аз саны келесі аумақтық бөлімшеге тиесілі:
- Екібастұз қаласының ТЖБ – 8 тексеру субъектісінде 15 бұзушылық (орта есеппен 1 субъектіде 2 бұзушылық).
Әкімшілік тәжірибе
2020 жылы барлығы 25 жоспардан тыс тексеру жүргізілді (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау), олардың нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 14 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып (Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыреті шегінде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамау), ары қарай қарастыру үшін әкімшілік соттарға жолданды. Оларды қарау нәтижелері бойынша соттармен жалпы сомасы 5 млн. 083 мың 740 теңге көлеміндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жазалар салынды.
14 бақылау объектісіне қатысты (9 - Азаматтық қорғаныс басқармасы, 2 – Павлодар қ., 2 – Екібастұз қ., 1 – Ақсу қ.) соттар жалпы сомасы 5 млн. 083 мың 740 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды, олардың ішінде жалпы сомасы 2 млн. 722 мың 440 теңге 9 айыппұл ерікті түрде төленді, 2 айыппұл бойынша айыппұл төлеуді кейінге қалдыру туралы өтініш берілді (2021 жылғы қаңтар айының соңына дейін), 3 айыппұл бойынша төлем мерзімі әлі келген жоқ.
.