
Маңғыстау облысының аумағында шомылуға рұқсат етілмеген орындарда рейдтер жүргізілуде. Рейд кезінде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп су объектілерінде қауіпсіз жүріс – тұрыс ережелерін көрсететін парақшалар таратылды. Тұрғындарға белгіленген аумақтарда шомылу қауіптігі түсіндірілді. Жыл басынан облыс аумағында су қоймаларында қайғылы 5 жағдай тіркелді. Судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері: мас болып суға түсу, суда қауіпсіз жүріс – тұрыс ережелерін сақтамау, балалардың ересектердің қараусыз қалуы, тиым салынған жерлерде суға түсу болып табылады.