Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша аға буын тобы спортшыларының кездесуі

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша  аға буын тобы спортшыларының кездесуі

Қазақстан Республикасы ТЖМ жаппай дене шынықтыру, сауықтыру іс-шаралары мен негізгі Республикалық және Халықаралық жарысының 2022 жылғы арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес, Шымкент қаласында 11 және 16 шілде аралығында өрт сөндіру-құтқару спортынан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының ХІІ чемпионатында кездесу өтті.

         Маңғыстау облысы ТЖД құрама командасын атынан шыққандар: Тауекелов Аманжол, Мурзагалиев Дастан, Атагазиев Нұрсұлтан, Ишберген Айсултан , Мендалиев Абылай,  Бақтыбайұлы Асқар, Қуанай Ислам, Сүтбаев Марғұлан және жаттықтырушылар -  Басқұдық ауылы № 12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Сулейманов Бактыбай  Алтмышбаевич, Жаңаөзен қаласы № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау аға сержанты Кусаинов Кадыржан Рамазанович.

         Бүгін акт залда Маңғыстау облысы ТЖД бастығы полковник Мұрат Сейтмолдаұлы Мұхановпен чемпионатқа қатысушы спортшылармен және ата-аналарымен кездесу өткізілді.   Бұл чемпионатта біздің команда жалпыкомандалық есепте төртінші орынды иеленген болатын, Атагазиев Нұрсұлтан «100-метрлік кедергілері бар жолақтан өту» жарысында «алтынды» өз қоржысына салды, «Жауынгерлік қанат жаю» сайысы бойынша команда үшінші орынға ие болды. Мұрат Сейтмолдаұлы барлық спортшыларды жетістіктерімен құттықтай отырып, сыйлықтар мен мадақтамалар табыстады, ал Нұрсұлтанды жеңісімен жеке құттықтап, сыйлық сыйлады.  Ата-аналар балаларының жетістіктеріне риза болғанымен қатар, Қызмет басшылығының және жаттықтырушылардың балаларға аса көңіл аударғаны тәнті етті. Өрт сөндіру-құтқару спортынан жасөспірімдер арасындағы құрама командасын жаттықтыру, сондай-ақ жасөспірім-чемпиондарды тәрбиелеу – оңайға соқпайтын міндет екені анық.  

          Өрт сөндіру-құтқару спортының мәні бойынша – төтенше жағдайлардағыдай өрт сөндірудің дәл өзіндік көрінісі, тек тәуекелділік азырақ болары сөзсіз. Оқу мұнарасының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, жүзметрлік кедергілері бар жолақтан өту – жеке есептегі жарыстар болып табылады. Командалық та түрлері бар: 100 м 4 эстафетасы және 6 адам қатысатын жауынгерлік қанат жаю. Олар мотопомпа көмегімен бктан су алып, жеңқұбыр жолақтарын өрістетеді және де әрбірі 10 л көлеміндегі екі нысанаға құяды.

         Балаларға сәттілік, жеңіс пен үлкен жетістіктер тілейміз!

 

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қоғаммен байланыс тобы