Маңғыстау облысы ТЖД 2021 жылғы жедел қызметтік жұмысының қорытындысы өткізілді

Маңғыстау облысы ТЖД 2021 жылғы жедел қызметтік жұмысының                   қорытындысы өткізілді

 

    2022 жылғы 24 қаңтарда Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы подполковник Мұрат Сейтмолдаұлы Мұхановтың  төрағалығымен Департаменттің 2021 жылғы жедел қызметтік жұмысының қорытындысы және 2022 жылдың I тоқсанына қойылған міндеттер бойынша жедел кеңес өтті.

         Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлан Мақсотұлы Жаңабаев жедел қызмет қорытындысы бойынша баяндады. Алдағы жылға арналған өрт қауіпсіздігі, ТЖ-ның алдын алу және азаматтық қорғау саласында бақылауды жетілдіру мәселелерін шешу бойынша іс-шаралар талқыланды. Қалалық, аудандық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру мәселелері қозғалды.

  Күн тәртібі бойынша Департаменттің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің басшылары тыңдалды.

Соңында Департамент бастығы подполковник Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Департамент қызметін жақсарту бойынша бірқатар іс-шараларды ұсынды.