Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын ауданы, анықтама телефоны: (8-7292) 30-12-68, е-mail: okr_mang_spasr@mail.ru, ok_spasr_mang@emer.kz азаматтық қорғау органдарына жүргізуші лауазымына қызметке қабылдау бойынша іріктеу ұйымдастырады:
Конкурсқа қабылданатын үміткерлер саны – 1.
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің автокөліктерінің жұмысының болуы мен техникалық жағдайын, сақталу тәртібін, пайдалануын, техникалық қызмет көрсетуін, жөндеуін және тіркелуін, оның құрылысын білуге және т.б.
Іріктеу қатысушысына талап: білімі – орта. «В,С» категориясы бойынша жүргізуші кәуілігінің болуы, Камаз, Урал, Зил маркалы автокөліктердегі жұмыс өтілі.
Лауазымдық айлық ақы – еңбек сіңірген жылдары бойынша 150000 теңгеден 200000 тенгеге дейін.
Іріктеуге қатысу үшін кадр және тәрбие жұмысы басқармасына алғашқы қажетті құжаттар ұсынылуы керек:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;
3) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігі.
Үміткерлерден құжаттарды қабылдау Ақтау қаласы, 23 шағын ауданы, 23 ғимарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Кадр және тәрбие жұмысы басқармасында 2026 жылғы 09 ақпаннан бастап жүргізіледі.