Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын ауданы, анықтама телефоны: (8-7292) 30-12-68, е-mail: okr_mang_spasr@mail.ru, ok_spasr_mang@emer.kz азаматтық қорғау органдарына өрт сөндіруші лауазымына қызметке қабылдау бойынша іріктеу ұйымдастырады:
Конкурсқа қабылданатын үміткерлер саны – 5.
Функционалдық міндеттері: жауынгерлік кезекшілікке түскен кезде бекітілген өрт-техникалық құралдарын қабылдау; бектіліген тыныс алу органдарын жеке қорғау құралын тексеру; постта, күзетте және ішкі нарядта қарауылдық қызмет атқаруда қарауыл құрамында міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету және т.б.
Іріктеу қатысушысына талап: білімі – орта немесе мамандығына сай арнайы дайындык, еңбек өтілі талапқа қажет емес.
Лауазымдық айлық ақы – еңбек сіңірген жылдары бойынша 150000 теңгеден 200000 тенгеге дейін.
Іріктеуге қатысу үшін кадр және тәрбие жұмысы басқармасына алғашқы қажетті құжаттар ұсынылуы керек:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;
3) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігі.
Үміткерлерден құжаттарды қабылдау Ақтау қаласы, 23 шағын ауданы, 23 ғимарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Кадр және тәрбие жұмысы басқармасында 2025 жылдың 11 қазаннан бастап 1 қарашаға дейін жүргізіледі.
Маңғыстау облысы ТЖД