2020 жылдың 10 айында облыс аумағында 209 өрт тіркелді (2019 - 224, өткен жылмен салыстырғанда 7% азайды).
Өрттерде 1 адам қаза тауып (2019-3, -66% азайды), 4 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды (2019-8, 10 айдың қорытындысы бойынша 50% азайды).
Өрттерден 126 млн. 651 мың теңге материалдық шығын тіркелді (2019 – 121 млн. 629 мың теңге – +4% артты).
Өрттің басым бөлігі тұрғын үй секторында – 88 оқиға (өрттердің жалпы санының 42%) және автокөлікте – 59 оқиға (өрттердің жалпы санының 28%) орын алуда.
Электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу себебінен өрттер бұрынғысынша айтарлықтай санды алып отыр – 114 жағдай, бұл тиісінше өрттердің жалпы санының 54%-ын құрайды.
Автокөлікте өрттердің пайда болуының негізгі себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды – 51 жағдай, бұл барлық жанулардың 24% құрайды.
Көрсетілген кезеңде улы газдан улану салдарынан 6 адам қаза тапты (2019 – 1, 5 есеге артты) (анықтама: Жаңаөзен қаласында қазандықта мас күйінде ұйықтап, 1982 жылы туған ҚР азаматы көз жұмды), (Түпқараған ауданы газ қазандығын өз еркімен жөндеу кезінде 1952 жылы туған ҚР азаматы көз жұмды) (Мұнайлы ауданы, Батыр ауылы, келген сәтте 4 мәйіт табылды (ҚР азаматы 1981 жылы туған және 3 бала 2006, 2007, 2018 жылы туған).
Улы газдан улану салдарынан 2 адам жарақат алды (соның ішінде 1 бала – Мұнайлы ауданы, газ қазандығының ақаулығы). (2019 – 5, 60% азайды).
Өрт қауіпсіздігі саласында тексерілген объектілердің жалпы саны 428 объектіні құрады, оның ішінде 427 жоғары тәуекел дәрежесі бар объектілер, 1 – болмашы дәрежедегі объектілер (арыздар).
Тексеру нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі саласында 2 мыңнан астам (2 027) бұзушылықтар анықталды (2019 – 5 866, -65%–ға азайды), онда 321 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2019 – 582, -45%–ға азайды), оның ішінде 271 ескерту түрінде (2019-360, -25%-ға азайды), 50 тұлғаға (2019 – 222, -78%-ға азайды) 3 млн.974 мың 847,5 теңге айыппұл салынды, 98% айыппұл өндірілді..
Департаменттің бұрын ұйғарымдамамен берілген іс–шаралардың жойылуын бақылау шеңберінде соттарға 34 материал жолданды (2019-91, -63%-ға азайды), нәтижесінде сот органдары 10 млн. 475 мың 180 теңге сомасына 31 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты (ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі). 1 материал қараусыз қалдырылды. 2 материалды қаралуда.
Маңғыстау облысы ТЖД
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы