Маңғыстау облысы әкімдігінің құқықтық актілерімен шомылуға тыйым салынған 10 және рұқсат етілген 38 орын анықталды, оның ішінде 8 коммуналдық жағажай.
Су айдындарындағы негізгі сақтық шаралары:
тек арнайы жабдықталған жерлерде шомылыңыз;
бейтаныс жерлерде шомылуға және сүңгуге болмайды;
қалқымалардың шекарасынын тыс жүзбеңіз;
кеме жолына жүзуге және кемелерге жақындауға болмайды;
мас күйінде шомылуға болмайды;
балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз.